Хакерлер АҚШ Федералды тергеу бюросының (ФБР) электрон пошта жүйесіне шабуыл жасаған.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, киберқауіптерді бақылайтын Spamhaus жобасы хакерлердің шабуылы болатынын алдын ала болжаған. Бюроның поштасына бірнеше мың хат жолдаған екен.
Bloomberg ақпаратына сәйкес, шабуыл түн ортасында басталған. АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің атынан жіберілген хаттарда TheDarkOverlord хакерлер тобы серіктестерінің бірі ретінде аталатын киберэкспортер Винни Троя электронды жүйелерге кіргені айтылады.
Бір қызығы, шабуыл жасаушылар ішкі жүйені түгелдей тексеруге кеңес беріп жолдаған хаттарда ешқандай зиянды бағдарлама тіркелмеген.
Келесі мақала