"Сол ақшаны науқастар мен мұқтаждарға берген дұрыс": Хамитов отандық футболды сынады
- автор kyn.kz
- 14 қараша, 2021
- 512
Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов футболдан Франциядан 0:8 есебімен жеңілген ұлттық құраманы сынап тастады. Кездесу Әлем чемпионаты-2022-ге іріктеу аясында өткен болатын.
"Қазақстандағы футбол - жезөкшелер сияқты, пайдасы жоқ, бірақ ақша төленіп жатыр... Шалдар отыр, оларға пайдалы іспен айналысып, жастарға орын беретін кез келді. Сол ақшаны науқастар мен мұқтаж адамдарға берген дұрыс", – деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.
Қазақстанды жеңген Франция құрамасы турнирдің финалдық бөлігіне өтуге мүмкіндік алды. Команда жеті матчта 15 ұпай жинап, D тобының турнирлік кестесінде бірінші орынға тұрақтады. Үш ұпай жинаған Қазақстан соңғы бесінші орында.
Парижде өткен әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан футбол құрамасы 0:8 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл құрама тарихындағы ең үлкен жеңіліс. Бұған дейін қазақстандықтар 0:6 есебімен Түркия және Ресей құрамаларынан жеңілді. 2005 жылдың 8 маусымында Алматыда өткен Әлем чемпионаты-2006 іріктеу турнирінде түріктерден, 2008 жылы 23 мамырда жолдастық матчта ресейліктерден ұтылды.
Қазақстан құрамасының келесі матчы 16 қарашада Тәжікстан командасымен өтеді. Жолдастық кездесу "Астана Арена" стадионында болады.
Танымал сериалдарда ойнаған белгілі актер көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Су тасқынына дайындық: Шығыс Қазақстанда қар қатты еріп жатыр
- авторkyn.kz
- 24 наурыз, 2026




