Басты жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов кіші қажылыққа аттанды

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов кіші қажылыққа аттанды. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде хабарлады. Оқырмандарымен қазіргі жағдайымен бөліскен әртіс оларға да қасиетті мекенге бару бұйырғанын тіледі, деп жазады KYN.KZ.

Дәурен Айдарқұловтың Меккеге аттанғаны туралы Instagram парақшасында белгілі болды. Киножұлдыз қажылыққа барғанын айтып, өзін аса бақытты адам сезінетінін алға тартты.

“Кіші қажылыққа аттандым. Сіздерге де бұйырсын. Қасиетті жерді көруге нәсіп етсін”, – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп, өз ақ тілектерін жолдады.

"Аллаға мадақ, ниетіңіз қабыл болсын”, “Жолыңыз болсын, аман барып қайтыңыз”, “Бізге де нәсіп болсын, жұғысты болсын”, “Менің де барғым келеді”, “Қандай керемет, Алла жолында жасаған әр амал-ниетіңіз қабыл болсын”, “Дәурен таза дін жолында жүрген азамат”, Ниетіңізді қабыл қылсын”, - деп жазды көпшілік.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ