Басты жаңалықтар
Атышулы Оғыз Доған қыздардың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы болып шықты
- автор kyn.kz
- 25 маусым, 2018
- 838
Доған осы уақытқа дейін екі рет қазақ қызымен шағырақ көтерген
Оғыз Доған ұлт пен тіл жанашыры, осы уақытқа дейін бірнеше рет желіні шулатып, танымал компаниялармен соттасқан. Белгілі ғалым TalkLaik бағдарламасы берген сұхбатында жеке өмірі мен басынан өткізген шулы оқиғалар туралы сөз қозғады деп хабарлайды KYN.KZ Оғыз Доғанның анасы – қазақ қызы, қазір Стамбулда тұрады, ал әкесі – түрік, бүгінде Лондонда өмір сүріп жатыр. Дегенмен Оғыз Доған өзін қазақпын да, түрікпін де деп атайды. Оның ойынша екі ұлт бір-біріне жат емес.
Доған бірінші әйелімен 12 жыл бірге өмір сүрген. Айта кетейік алғашқы жары Нұргүл – қазақ қызы, бүгінде араларында Едіге есімді бір ұл бар.
Ал екінші жары Қарағандылық қазақ қызы. Олар жақында ғана бас қосқан. Айтуынша сүйіктісі де - ұлтжанды азаматша. Оларт салт-дәстүр бойынша барлық жөн-жоралғыларды жасап, қосылған.
Оғыз Доған осыдан біраз уақыт бұрын «Кімде-кім баласына оғыз деген есімді қойса, мен оған өмір бойы степендия беруге дайынмын», - деп жариялаған. Өкінішке орай оның бұл әрекеті сәтсіз болып, ешкім хабарласа қоймаған. Бұл жазбаны жариялаудағы мақсаты жеке атын таныту емес, «Қазақ халқының арасында да күллі түрікке ортақ есімдерді баласына қою үшін», - деп түсіндірді.
Аудармашы әрі ғалым қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа беруге қарсы екенін айтты. Дегенмен Оғыз өзі туралы мүлде басқа пікірде. Ол түбі түрік елдерін бір ұлт деп есептейді. Сондықтан қос бірдей қазақ қызын жар еткеніне еш өкінбейді.
«Мен бірінші әйелімді бақытсыз еттім деп ойламаймын. Қазақтар да ажырасады ғой. Ешкім алдын-ала не болатынын білмейді. Бұның халыққа, ұлтқа қатысы жоқ деп ойлаймын», - деп қысқа қайырды, жүргізушінің «Бір қазақ қызын бақытсыз еттім деп ойламайсыз ба?», - деген сұрағына.
Оғыз Доған осы уақытқа дейін бірнеше рет ұлт жанашыры ретінде соттасқан.