Пәтер әперемін: Түркістан облысында алаяқ 13 млн теңгені қалтасына басқан
- автор kyn.kz
- 15 қараша, 2021
- 317
Кентау қалалық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғанын жеткізген, деп хабарлайды KYN.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, танысы Кентау қаласынан пәтер алып беретінін айтып, 9 000 000 теңгесін алған. Содан пәтер де алып бермеген, ақшасын да қайтармаған.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қылмыс кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Кентау ҚПБ полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстады.
Белгілі болғандай, күдіктінің бұдан басқа 3 алаяқтық жайтына қатысы бары анықталды. Олардың әрқайсысынан «пәтер алып беремін» деп 1 500 000 мен 2 000 000 теңге алған.
Жалпы 13 000 000 теңгеге жуық шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.