Түркістан облысының тұрғыны ойыншық тапаншамен ұрлыққа түскен
Түркістан облысының полицейлері тұрғынды ойыншық қарумен қорқытып, миллион теңгесін алып кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Төлеби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйелден хабарлама келіп түскен.
Ол үйіне белгісіз біреу заңсыз кіріп, қару кезеніп 1 миллион теңгесі мен ұялы телефонын алып кеткенін айтқан.
Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 100 000 теңге.
Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде ол үйінен ұсталды. Ер адам қамауға алынды, қазіргі күні тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, күдікті жәбірленуші әйелді ойыншық қарумен қорқытып, ақшасын жымқырып кеткен. Бүгінде полицейлер ұялы телефон мен 1 миллион ақшаны алып заңды иесіне қайтарды.