Алматы жастарынан арендалық үйге құжаттарды қабылдау басталды
Бүгін Алматыда «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров мәлім етті.
Спикер бағдарламаға қатысу шарттары туралы айтты.
Бағдарлама аясында тұрғын үй тек 5 жылға беріледі, оны 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар ғана алады. Осы уақыт ішінде жеке тұрғын үй сатып алуға немесе бастапқы жарнаға жинақтау ұсынылады. Тұрғын үй үшін ай сайынғы жалдау ақысы 9-10 мың теңге.
Бағдарламаға қатысатын үміткерлерге мамандықтар бойынша талаптар жоқ, сондай-ақ бюджеттік және мемлекеттік қызметшілерден басқалары да өтінім бере алады.