Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Неге туып алмайсың?": Дариға Бадықова өзінен көмек сұрап, кейін ақыл айтатын әйелдерге шүйлікті

"Неге туып алмайсың?": Дариға Бадықова өзінен көмек сұрап, кейін ақыл айтатын әйелдерге шүйлікті
ашық дереккөз

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде өзінен алдымен көмек сұрап, кейін жеке өміріне араласатын оқырмандарына шүйлікті. Өнер иесі оларға өзгенің жеке шекарасынан өтпеу керектігін түсіндірді деп жазады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дариға Бадықова кезекті жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Актриса онда өзінен түрлі жағдай бойынша көмек сұрайтындарға қатысты пікір білдірді.

Өнер иесінің айтуынша, олардың көбі көпбалалы аналар.

"Көпбалалы ана" едім. Баламның памперсіне ақшам жоқ еді, "Алла разылығы үшін көмектесші" деп өтініш хат жазатын әйелдерден кейде: "Жүре бергенше неге туып алмайсың?" деген ақыл естіп жатамыз. Парадокс.

Жалпы "жеке шекара" дегенді ұғыну үшін біздерге әлі тағы бірнеше жыл қажет болады-ау. "Әркім өз-өмірін өз қалауынша сүреді", "ақылды тек сұрағанда ғана айту керек" деген қарапайым этикеттің өзін арнайы пост жазып түсіндіруіміз керек болды.

Негізі "көпбалалы ана едім" деп көмек сұрайтындар көбейді, расымен. Балам ішіп кетті, балам шегіп кетті деген хат та көп.

Баланың көп болғаны жақсы ғой, әрине. Бірақ ол балалар үшін жауапкершілікке басқа адамның қатысы қанша? Қысқасы, ойлану керек. Ойланып әрекет ету керек. Шекарадан өтпеу керек", - деп жазды ол.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар