"Неге туып алмайсың?": Дариға Бадықова өзінен көмек сұрап, кейін ақыл айтатын әйелдерге шүйлікті
Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде өзінен алдымен көмек сұрап, кейін жеке өміріне араласатын оқырмандарына шүйлікті. Өнер иесі оларға өзгенің жеке шекарасынан өтпеу керектігін түсіндірді деп жазады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Дариға Бадықова кезекті жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Актриса онда өзінен түрлі жағдай бойынша көмек сұрайтындарға қатысты пікір білдірді.
Өнер иесінің айтуынша, олардың көбі көпбалалы аналар.
Жалпы "жеке шекара" дегенді ұғыну үшін біздерге әлі тағы бірнеше жыл қажет болады-ау. "Әркім өз-өмірін өз қалауынша сүреді", "ақылды тек сұрағанда ғана айту керек" деген қарапайым этикеттің өзін арнайы пост жазып түсіндіруіміз керек болды.
Негізі "көпбалалы ана едім" деп көмек сұрайтындар көбейді, расымен. Балам ішіп кетті, балам шегіп кетті деген хат та көп.