"Жарқырап жүреді": Қыз жасауына 12 түрлі шуба әкелген құдалар желіде қызу талқыға түсті
Tik-tok желісінде қыз жасауына 12 түрлі тон әкелген құдалардың видеосы талқыға түсті. Құдалық кезінде қыздың төркіні жасауды ашып, таныстырады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видеода Әмина есімді бойжеткеннің келін боп түсіп жатқаны айтылады.
Әр тонмен жеке-жеке киетін 12 бас киімі де бар болып шықты. Құдалықтың видеосын көргендер екіұдай пікір білдіруде.
Алайда пікір білдірушілер арасында қыз жасауын асырып әкелген құдаларды қолдаушылар да табылды.
"Жұрт не десе, о десін, маған ұнады. Әке-анаңа рахмет. Көре алмағандар тұз жаласын", "Не жұмыстарың бар, киетін өзі. Қайта өз қыздарыңа осылай әпере алатындай дәрежеге жетіңдер бұйырса", "Қандай қыз болса да, бақытты қыз екен. Бақытты болыңдар, үстіңде тозсын. Киімдерің әдемі екен", "Әкелген соң осылай әкелу керек, құтты болсын", - дейді видео кейіпкерлерін жақтаған жұрт.