Басты жаңалықтар

"Абай" шахтасындағы жарылыстан жарақат алған кеншілер ауруханадан шықты

Қарағанды облысы "Абай" шахтасында метан газынан уланған екі кенші бүгін ауруханадан шықты, деп хабарлайды KYN.KZ.

58 жастағы Жеңіс Маралбаев пен 61 жастағы Элайдар Зейналов өздерін жақсы сезінеді. Денсаулықтары қалыпқа келген. Алайда оқыс оқиғадан жүрексініп қалғандықтан шахтаға қайтадан оралғылары жоқ.

"Жігіттерге, Әскери тау-кен құтқару бөлімшесіне рақмет. Тез келді. Бір сағаттан кешіксе, тірі қалмайтын едік. Дәрігерлерге көп рақмет. Қазір денсаулығымыз жақсы. Енді жұмысқа баруға болмайды. Бармаймын", – дейді кенші Жеңіс Маралбаев.

Таксикология бөлімінің меңгерушісі ес-түссіз ауруханаға түскен кеншілердің қазіргі жағдайлары бірқалыпты екенін айтты.

"Амбулаторлық ем қабылдайды. Қазіргі жағдайда жұмысқа шыға алмайды. Кішкене бір 2-3 аптадай өз емханаларында қаралу керек", – дейді таксикология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Смағұлова.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ