Басты жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек атасы мен әжесі туралы жан тебірентерлік жазба қалдырды

Айсәуле: "Олар мен үшін ең қымбат жандар"

Баян Алагөзованың тұңғышы өзін бағып-қағып өсірген атасы мен әжесіне жан тенбірентерлі жазба арнап, өзінің мектеп кезін есіне алды деп хабарлайды KYN.KZ  width= Айсәуле желіде сүйікті ата-әжесімен бірге түскен суретін жариялады. Оларға деген шексіз махаббатын білдірген ол, қарттардарды «Мен үшін ең қымбат жандардың бірі», - деп бастады. Айтуынша олар Айсәулені кішкентайынан өздері өсіріп, тәрбиесімен айналысқан. «Маған бастапқыда қазақ сыныбында оқу өте қиын болды. Мен мұлде ешнәрсе түсінбедім. Маған күн сайын кешке барлық тапсырманы аударып отырған әжемнің арқасында үйрендім», - деп ағынан жарылды. Сонымен қатар өзін әжесіне ұқсайтынына қатты қуанатынын да жасырмады. Ол: «Әжем маған өзінің жас кезіне ұқсайсың деп айтады, ал мен үшін ол ең керемет сөз. Мен әжеме ұқсағаныма қатты қуанамын», - деп жазды.  width=  width=  width=