Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген 2 күдікті ұсталды

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген 2 күдікті ұсталды
ашық дереккөз

Алматыда полицейлер халықаралық іздеуде жүрген екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Күдіктілер тамыздан бастап ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында (Атыс қаруын қолдана отырып жасалған бұзақылық), 24-бабының 3-бөлігінде және 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9-тармақтарында (Бұзақылық ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған кісі өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

13 қараша күні Қызылорда облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп күдіктілерді Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жалға алынған пәтерде ұстады.

Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар