Қызылордада медицина колледжінің 70 студентіне "Pfizer" вакцинасы салынды
Қызылордада 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған "Pfizer"вакцинасын егу басталды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетовтың айтуынша, медицина колледжінің студенттері алғашқы болып екпе алуды бастады. 70 студентке ата-анасының келісімімен вакцина салынды.
Ол вакцина ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізетін әйелдерге салынатынын атап өтті.
Біз баласына вакцина салдыруға келісім берген Жанар Нақыпованы әңгімеге тарттық.
"Менің ұлым осы колледждің "Емдеу ісі" мамандығы бойынша білім алады. Бүгін вакцинаны алғаш болып балама салды. Әрине, басында қобалжу болды. Дегенмен ұлым өзі бірден келіскен соң, менде еш ойланбадым. Ең бастысы – халықтың амандығы. Көзге көрінген ұл-қыздарымыз ауырмасын. Өзге де ата-аналарға балаларына вакцина салдыруға кеңес беремін", – деді Жанар Нақыпова.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан