Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

БҚО-да мас жүргізуші полицейге 100 мың теңге пара бермек болды

БҚО-да мас жүргізуші полицейге 100 мың теңге пара бермек болды
ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында полицейге 100 мың теңге пара бермек болған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды, деп хабарлайды KYN.KZ.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы Дариян ауылы маңында болды. Трассаны бақылау кезінде полиция қызметкерлері 37 жастағы С. деген жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Королла» автокөлігін тоқтатқан.

«Жүргізушіден спирттік ішімдіктің исі шығып, полицейлер әкімшілік хаттаманы ресімдей бастаған кезде С-ның бұдан бұрын да мас күйінде автокөлік руліне отырғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Бұдан кейін жүргізуші кішкене виски ішкенін мойындап, 100 мың теңге ұсынған. Патрульдік полиция қызметкерлері пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткеніне қарамастан, жүргізуші ақшаны қызметтік көлік төсенішінің астына салған.

Оқиға орнына Приурал полиция бөлімінің жедел тергеу тобы келіп, С-ға қатысты ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) және 346-бабы 1-бөлігіне (бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлікті басқаруы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар