Қазақстанда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыруға болады
Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алады. Бұл туралы үкімет отырысында мәлім болды деп хабарлайды KYN.KZ.
Премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігі басшысының ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді.
Айта кетсек, елімізде бүгінде Pfizer 12 мен 18 жас аралығындағы балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге тегін салынып жатыр.