Қалыңдық көйлегімен суретке түскен Гүлназ Жоланова көптің талқысына қалды
Қазақстандық белгілі актриса Гүлназ Жоланова желідегі парақшасында жаңа суреттерін бөлісті. Бұл жолы ақ көйлек киіп, қалыңдық рөлін сомдаған ару өз жазылушыларын қуантып қойды. Олар мұны жақсы ырымға балады деп жазады KYN.KZ.
Жоланова өзінің instagram парақшасына кезекті түсірілім кезінде жасалған кадрларды жариялаған.
Актриса әйгілі "Ирина Кайратовна" ұжымы түсірген "Закладка" фильмінде бой көрсетеді екен.
Кинода қалыңдық образына енген Гүлназға оқырмандары ақ көйлек әдемі жарасатынын айтып, шынайы өмірде де тезірек тұрмысқа шығуын тіледі.