Басты жаңалықтар

Akon-ның «Smack that» хитін орындап, желіде жұлдыз болған электрик жігіт кім

ТikTok-та шетелдік хит әндерді орындап танымал болған электрик жігіттің өнеріне қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де сүйсініп жатыр. Бес күн бұрын жарияланған Олжастың видеосын 2,6 миллион адам көріп, 270 мыңға жуық лүпіл басылып, 7 мыңнан аса адам пікір білдірген деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олжас Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған.

Атыраудағы «ТеңізШевройл» компаниясында электр-монтажшы болып жұмысқа орналасқанына бір айға жуық уақыт болған. Ал танымал болып кеткен видеоны атыраулық әріптестері туған күн кешінде отырғанда түсіріп алған.

TikTok-та тараған видеода кейіпкеріміз әнші Akon-ның «Smack that» атты өлеңін орындайды. Аталған видеодан кейін Олжасқа түрлі ұсыныстар айтып, жылы лебіздерін жазып жатқан оқырмандар саны көбейген.

Кейіпкеріміз отбасылы, жұбайымен бір жарым жасар қызды тәрбиелеп отыр.