Асхат Аймағамбетов: Студенттердің стипендиясы тағы да екі есеге артады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында елімізде ЖОО-да оқитын студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай екі есеге артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Асхат Аймағамбетов 2025 жылға қарай оқу гранттарының саны 75 мыңға жететінін де атап өтті.
Сондай-ақ, министр жоғары оқу орындарының қаржыландыру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды.