Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Атырауда жезөкшелерге «крыша» болған шекара қызметінің сержанты ұсталды

16.11.2021
0
Атырауда жезөкшелерге «крыша» болған шекара қызметінің сержанты ұсталды

Ақтөбе гарнизоны әскери соты ҰҚК Атырау облысы бойынша шекара қызметі басқармасының қызметкері мен оның үш сыбайласына қатысты үкім шығарды. Сержант Өзбекстаннан келген жезөкшелерге «крыша» болған деп хабарлайды «Ақ Жайық».

Аға сержант Атырау әуежайының авиациялық шекаралық бақылау бөлімінде жұмыс істеген.

Былтыр қараша айында Атырауда Өзбекстан азаматшасы жезөкшелер притонын ашып, шекарашы оны өз «қамқорлығына» алған. Атырау базарларының бірінде зергерлік бұйымдар сататын әйел мен Өзбекстанның екі азаматшасы да притонның «құрылтайшысы» болыпты.

Жезөкшелерді Өзбекстанның түрлі қаласынан әкелген. Пандемияға байланысты Қазақстанның құрлық шекаралары жабылғанына қарамастан, қыздар шекарадан еш қиындықсыз өткен.

Аға сержант оларды жеткізуге көмектесіп қана қоймай, клиенттермен туындаған проблемаларды да реттеп отырғаны анықталды. Бұл үшін притон қожайындары оған тұрақты түрде белгілі бір ақшалай сома төлеп отырған.

Притон 2020 жылдың қарашасынан бастап, полиция анықтағанша, яғни 2021 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеген.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты төртеуін де Қылмыстық кодекстің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша кінәлі деп таныды.

ҰҚК ШҚ қызметкері 4 төрт жылға, Өзбекстан азаматшалары 3 жарым жылға, алтын бұйымдарын сатушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.

Бөлісу6Твит4
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.