Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Billboard чартында әйгілі Lisa-ны басып озған Димаш Құдайберген үздік төрттіктен көрінді

Billboard чартында әйгілі Lisa-ны басып озған Димаш Құдайберген үздік төрттіктен көрінді
ашық дереккөз

Billboard "Hot Trending Songs" чартында төртінші орынға көтерілген Димаш Құдайберген әйгілі тай әншісі Lisa-ны шаң қаптырды. Сарапшылар алдағы уақытта Димаш үздік үштікке енеді деген үмітте деп хабарлайды KYN.KZ.

Қазіргі таңда музыкалық хит-шеруді "Butter" атты композициямен корейлік атақты BTS тобы бастап тұр.

Одан кейін "Spaceman" әнімен 30 жастағы тай әншісі Mew Suppasit (1, 241,174 дауыс) және Favorite туындысымен NCT 127 (1, 160,625) бойзбенді жайғасқан.

Төртінші болып "Fly away" әнімен Димаш Құдайберген тұр.

Бір қызығы, бұдан екі апта бұрын Димаш Құдайберген чарттың 19-сатысында тұрған болатын.

15 күннің ішінде қазақстандық жас әнші бірден көшбасшылар қатарына енген.

Айта кетерлігі, Димаш танымал тай әншісі Lisa-ны басып озған. Бүгінде бір емес, екі әнімен үздіктер қатарынан көрінген жұлдыз 6 және 7-ші орынға түскен.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген "Fly away" әнін Сочиде өткен "Жаңа толқын 2021" фестивалінде шырқаған болатын.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар