Тоқаев грант ақшасын студенттердің өзіне беруді ұсынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев грант ақшасын студенттердің өзіне беруді ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Президент мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөлетінін атап өтті. Айтуынша, бүгінде бір студентті оқыту құны шамамен 4 миллион теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді.
Оның айтуынша, бұл тәсіл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді.
Бұған қоса білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады.
Президент үкіметке бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруды тапсырды.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан