Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлттық кеңес: Ауыл әкіміне үміткерді іріктеу талаптары өзгереді

Ұлттық кеңес: Ауыл әкіміне үміткерді іріктеу талаптары өзгереді
ашық дереккөз

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, сарапшы Марат Шибұтов ауыл әкімінің сайлауына үміткерді іріктеу және үгіт-насихат жүргізу талаптарына нақты қандай өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Александр Данилов екеуміз келісіп ауыл әкімдерін сайлау бойынша зерттеу жүргізген болатынбыз. Мен идея айтып, Александр соны іске асырды. Зерттеуге Президенттің жастар кадрлық резервінің мүшелері тартылған.

Ауыл әкімдерінің сайлауына кандидат ретінде түскендерден, бақылаушылардан, партия филиалдарының басшыларынан, аудан әкімдігінің өкілдерінен жауап алды. Солардың ауыл әкімінің сайлауына берген бағасын негіздеу үшін 5 облысқа іссапармен барды. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша үлкен материал пайда болды. Александр соларды жинақтап баяндама жасады да, соның негізінде ұсыныстар дайындадық», - дейді сарапшы. Оның сөзінше, Президент бұлар жолдаған үш ұсынысты мақұлдаған.

«Ұсыныстар дайындаған кезде баяндамадан бөлек, менің зерттеу жұмыстарыма Гүлмира Еелеуованың зерттеулеріне арқа сүйедік. Соның нәтижесінде Президент біз жолдаған үш ұсынысты мақұлдады.

Бірінші ұсыныс ауыл әкімдігіне үкметкерлерге қойлатын талаптың ішінен жоғары білімі бар болу керек деген кедергіні алып тастау болатын. Оның орнына орта-арнайы деп қалдырдық. Өйткені, ауылдарда бұл мәселе кеңінен кездеседі. Жоғары білімі барлар ауылда көп тұрақтамайды. Ондағы қолынан іс келетіндердің көбі орта немесе арнайы білім барлар. Гүлмира Елеуованың осы ұсынысы қабылданды», - дейді Марат Шибұтов.

Ұлттық кеңес мүшесі Президент сайлау алдындағы үгіт-насихат мерзімін ұзарту туралы ұсынысты да оң бағалағанын айтады.

«10 күн деген өте аз. Менің ұсынысым осы туралы болатын. Әлі нақтыланып жатыр, бәлкім 20 немесе 30 күн болатын шығар. Өйткені кейбір ауылдық округтердің құрамында бірнеше ауыл бар. Солардың бәрін аралап шығу оңай емес. Сондай-ақ, Президент ауыл әкімінің сайлауына түскісі келетіндер үшін құрылатын сайлау қорының сомасын саралап белгілеу туралы ұсынысымызды қолдады. Қазір бұл сома бәріне ортақ – 200 мың теңге.

Сайлау қорының сомасы әкімі ауысатын елді мекеннің мөлшеріне қарай белгіленуі керек. Себебі елді мекен шағын болса, тұрғындарының саны 500-1000 адамнан аспаса, үгіт-насихат жұмыстарына көп шығын кетпейді. Ал Алматы облысындағы Байсерке ауылы сияқты 25 мың халқы бар ауылдарда 200 мың теңгеге ештеңе істей алмайсың. Мемлекет басшысы осы үш ұсынымызды мақұлдады. Енді Президент Әкімшілігі соларды енгізу жұмыстарын пысықтап жатыр», - деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар