АҚШ-та басшылық лауазымға ұсынылған Сәуле Омарованың қылмыскер екені анықталды
АҚШ-та басшылық лауазымға ұсынылған Сәуле Омарованың қылмыс жасағаны анықталды
⠀
Fox News 1995 жылы 2 маусымда 28 жастағы Омарова Висконсин штатының Мэдисон қаласында қамауға алынғанын анықтады.
⠀
Оған «дүкенде ұрлық жасады» деген айып тағылған. Полиция есебіне сүйенсек, ол 214 доллардың тауарын – төрт жұп аяқ киім, екі бөтелке парфюм, екі белбеу және шұлық ұрлаған.
⠀
Омарова зергерлік бөлімнен алған бірнеше тауардың ақшасын төлеген, бірақ «сөмкеде жасырылған заттар үшін есеп айырысуды» ойламаған. Дүкеннен шыға бергенде ұсталып, бірден тауар ақшасын төлеуге ниет білдірген.
⠀
Іс 1996 жылы қаңтарда арнайы бағдарламаға (Wisconsin first offender program) сәйкес тоқтатылған. Бағдарлама шарты бойынша қылмыстық қудалаудан босатылып, шығынды өтеуге және сабаққа қатысуға келісетіні туралы келісімге қол қояды.
⠀
Бұқаралық ақпарат құралдарының өз еліне қызмет еткісі келетін білікті кандидатты қаралауға тырысып жатқаны өкінішті, деп мәлімдеді Ақ үй.
«Президент Байден банктік реттеуге Американың банк жүйесі мен энергетика секторын күйретіп, АҚШ-та социализм енгізуді қалайтын марксшіл-ғалымды таңдады», - деді Сенатор Билл Хагерти.
⠀
Ал сенатор Шеррод Браун Омарова «аяусыз жала жабу науқанының объектісіне» айналды деп санайды.