Басты жаңалықтар

"Өлетін күнімді белгілеп қойдым": Павлодарлық бойжеткен өлім туралы ойлардан қалай құтылғанын айтты

17 жастағы павлодарлық бойжеткен өзіне қол жұмсасам деген арам ойымен қалай күрескенін айтты. Аты-жөнін өзгертуді сұраған кейіпкер өлім туралы ойлар не үшін мазалағанын және бұл өмірде оны не ұстап тұрғанын түсіндірді деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Алинаның айтуынша, өлім туралы ойлар оған мектеп кезінде келген. Оқу, үй және жеке өмірде қиындықтарды жасөспірім кезінде көтере алмайды. Оған мектеп бағдарламасын меңгеру қиын еді, анасы мен әкесінің үнемі жанжалдасып, ажырасу алдында тұрғаны да жүйкесіне әсер етті. Ішкі жай-күйін бөлісетін достары да болмаған .
«Менің проблемаларым өмірі шешілмейтін болып көрінді. Үнемі өлім туралы ойлай бастадым. Содан кейін өзімнің қайтыс болатын күнімді таңдап, оны күнтізбемде белгіледім», - дейді павлодарлық қыз.


Уақыт өтіп, күнтізбедегі «атаулы» күн де жақындады. Бойжеткен бұл күнді екіұдай сезіммен күткенін мойындайды. Бір жағынан қорқыныш, екінші жағынан жеңілдік туралы ойлар келеді.

"Менің өлімім тек маған ғана емес, мектеп жиналысында мұғалімдердің жаман пікірлерін тыңдауға мәжбүр болған ата - анама да өмірді жеңілдетеді деп ойладым. Өмір сүргім келмеді. Мен жалғыздықты сезініп жүрдім. Ата-анам маған күнде ұрысып, қол жұмсайтын.

Күнтізбеде белгіленген күн келгенде, ол өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлана бастады. Алина ауыртпалықсыз әдістерді іздене бастады. Интернетке кіріп қандай әдістер бар екенін қараған. Әдістер жеткілікті болды. Ол көп мөлшерде ұйықтататын дәрімен өлуді таңдаған.


«Дәріханаға баяу қадамдармен бара жаттым. Менің өмірімнің бақытты сәттері ойға келді. Туған күнім, жаңа жыл және ата-анаммен Түркияда өткізген демалысым», - деп еске алады Алина


Ұзақ кезекте тұрған соң Алина дәріханашыға дәрінің аты жазылған қағазды ұсынып, он пачкасын беруді өтінді. Дәріхана қызметкері қызға күте тұруды бұйырып, алыс бөлмеге кіріп кеткен. 15-20 минуттан кейін полиция қызметкерлері дәріханаға келеді


«Мені сол әйелдің қырағылығы құтқарған шығар. Ол күдіктеніп, 102-ге қоңырау шалған. Қызметкерлер ұзақ уақыт бойы менен соншама ұйықтататын дәрі не үшін қажет екенін сұрады. Мен ештеңе ойлап таба алмай, өлгім келетінін айттым да, жылап жібердім», - дейді Алина.

Полиция Алинаны бөлімшеге апарып, ата-анасы шақыртты. Әкесі қызын құшақтап, оған ешкім ұрыспайды деп уәде береді
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлері қызды психиатрға апарып, кейінге қалдырмауға кеңес берген.

«Мені психиатрға және психологқа апарды. Олар менің ата-анаммен де сөйлесті. Анам маған көп көңіл бөле бастады. Қазір біз онымен дос сияқты болып кеттік. Сырымызды бөлісеміз. Бүгін менің барлық проблемаларым өтті немесе мен өте жақсы күйдемін деп айта алмаймын. Бірақ мен өзгерісті сезінемін, енді өмірдегі барлық мәселелердің шешілетінін білемін», - деді ол.

Қазір Алина колледжде оқып жатыр. Макияж жасауды үйренбекші. Ол тағдырдың қалауымен жаман трагедияны тоқтатқан дәріханашыға ризалығын білдірді.