Дәрігерлердің жалақысы тағы өседі
Тоғжанов ұсынған деректерге сүйенсек, осы жылдың 1 қаңтарынан 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен
2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге бюджеттен 361 млрд теңге қаржы бөлінеді.
Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл президент жолдауында белгіленген тапсырма аясында жүзеге асырылады.
Тоғжанов ұсынған деректерге сүйенсек, осы жылдың 1 қаңтарынан 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен. Соның ішінде, дәрігерлердің жалақысы 30 процентке (246,1 мыңнан 319,9 мың теңгеге), орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 процентке (144,6 мыңнан 173,5 мың теңгеге) артып отыр.
Вице-премьердің айтуынша, 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін ұлғайту жоспарланған.
Осы мақсатқа бюджеттен 2021 жылға – 222,3 млрд теңге, 2022 жылға – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы 557,4 млрд теңге көзделген.