Басты жаңалықтар

Баланың температурасын қалай және қай кезде түсірген дұрыс?

Ересектерге қарағанда балалар қызу көтерілген сәтте жеңілрек қабылдайды. Ол дегеніміз, температура қатты көтерілгенше балалар әдеттегідей ойнап, жүгіріп жүребереді. KYN.KZ сайты ыстық көтерілген кезде балаларда болатын белгілер мен оны емдеудің жолдарын ұсынады.


Температура —организмнің қалыпты қорғаныс реакциясы, вирус, бактерияны жоюға, көбейтпеуге бағытталған іс-шара.
Вирусқа қарсы интерферондар 38 С жоғары болған кезде белсенді түрде өндіріле бастайды.

Есте болсын!
Ешқашан термометрдегі санды емес, баланы емдейміз!

Термометр 36,5 тең асса, балада температура бар деп түсіруге асығатындар бар. Ол дұрыс емес!

Температура түсіруге дәрі береміз

1.Температура бала жағдайына, өзін сезінуіне байланысты түсіреміз:

Кей бала 37,8 С температура кезінде әлсіздік, бас ауруы болады, ол кезде түсіреміз.

Ал кей бала 38 С кезінде ойнап, тамақ ішіп жүре береді, ол кезде түсіріп қажет емес.

2.Бұрын фебрильді тырысулар болса температура көтерілген бойда,

3.Балада қосымша созылмалы жүрек, өкпе, ми, нерв жүйесінің аурулары болса температура көтерілген бойда,

4.3 айға дейінгі бала 38, 0 С,
3 ай-3 жас аралығында 39С көтерілсе түсіреміз.

Мына жағдайда температура, бала жасына қарамай міндетті түрде дәрігерге көрсету керек, қауіпті жағдайлар:

▪️Тырысулар
▪️Қатты бас ауруы
▪️Есі ауытқу
▪️Иегін кеудесіне тигізе алмау
▪️Тамағы,құлағы ауруы
▪️Мұрын, ауыз айналасы көгеру
▪️Ентігу
▪️Әлсіз тыныс
▪️Денеде тез таралған бөртпелер
▪️40 С жоғары температура
▪️Ембейді, тамақ ішпейді
▪️Жас шықпау, 8 сағаттан аса кіші дәретке шықпау
▪️Еңбек ішіне түсу
▪️Айқын естілетін сырыл
▪️3 күннен артық температура.

Температура кезіндегі іс-әрекет 👇

Бөлмені желдету, салқындату

Баладан артық киімдерді шешу

Сұйықтық беру: су, компот, морс т.б, тек еметін болса көбірек емізу

Температура түсіруге арналған дәрілер

Немесе физикалық әдіс (сумен сылау. Су жылы болуы керек).