Әйелдерге ең қажетті дәрумендер
Әйел адам от басының жарығы әрі жылуы. Кейде әйелдер ашушаң, тез шаршап қалатын, тіпті сыртқы көрінісі қартайыңқырап кетеді. Бұл дегеніңіз, әйел адам барлық жағынан шаршаған деген сөз. Әр баланы дүниеге алып келгеннен кейін аналар автоматты түрде өздерін қалыпқа келтіруге кірісу керек. Ол дегеніңіз ағзаға ең қажетті дәрумендерді тұтыну.
Әйел ағзасында дәрумен тапшылығы болса одан бөлінетін сүт те құнарсыз. Әйелдің ағзасы шаршаған болса оның ішіндегі баланың ағзасына дәрумен қайдан барады? Сондықтан көптеген әйелдерге керекті ең негізгі дәрумендерді біле жүріңіз.
Ең бірінші -Д3 дәрумені. Клеткалық дәрежеде жұмыс істейді, кальций мен фосфордың ағзаға сіңуіне көмектеседі. жүрек-қан тамыр жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді. Әйелдерге тәулігіне қажетті доза: 1200-2000МЕ.
Екінші- Омега3. Тамақтағы зиянды триглицеридтер деңгейін 25-30%-ға төмендетеді, атеросклероздың алдын алады.Әйел терісінің ерте қартаюының алдын алады. Емізулі кезеңде баланың көзінің жақсы көруі мен ақыл-ойының дамуына жақсы әсер етеді.
Омега 3 дәрумені қандай тағамдарда бар?: Балықтың құрамында бар. Тағамның бұл түрін аптасына кемінде үш рет жеген дұрыс. Мұндайға мүмкіндік болмаса дәруменді қабылдаған жөн. Әйелдер үшін тәуліктік доза 500-1000 мкг.
Үшінші ең қажетті дәрумен-Магний. Тез ашуға берілу,стресс, депрессия кезінде тұтынудың пайдасы зор.
Магний жүйкені тыныштандырады, психоэмоциялық жағдайды тұрақтандырады, кальций, фосфор алмасуға қатысады, энергия сақтау, энергия шығындау жұмысын реттейді.