Басты жаңалықтар

Астанада жол апатынан қайтыс болған Олжан Сүлейменовтың немересі күзде үйленбекші болған

Ескендір өзі мінген мотоциклді алғанына он күн ғана болған

Үш күн бұрын Астанада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан Ескендір Сүлейменов күзде үйленбекші болған. Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің немересі елге жақында ғана көшіп келіпті. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған KYN.KZ   Елорданың қақ ортасындағы үлкен көшелердің қиылысында мотоцикл мінген 26 жастағы жігітті «Hyundai» қағып кетеді. Ақынның немересі оқиға орнында тілге келмей көз жұмған. Астаналық полицейлер автокөлікті тізгіндеген 29 жастағы жүргізуші қызға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сонымен қатар, көшедегі камералардан жазба алынып, сұмдық апаттың қалай болғанын жіті тексеріп жатыр. Достарының айтуынша, Ескендір Италия, Францияда оқыған. Қыркүйекте үйленейін деп жүрген екен.   "Ескендір мотоциклды он күн бұрын ғана сатып алған еді. Сондықтан ол өте мұқият, байыппен жүргізетін. Астанада апат болған жерге мен екінші болып жеттім. Рөлде болған қыз да қарапайым адам емес. Мен келгенде ол көлігін тастап, оқиға орнынан кетіп қалыпты. Кінәлі адам міндетті түрде жазасын алуы керек", - дейді марқұмның досы Малика Минизи.