Басты жаңалықтар

1 жас 1 айға толған нәрестенің салмағы, бойы, психологиялық даму деңгейі

Балалар біз ойлағаннан да тез өседі, сол себепті баланың бойында болатын барлық өзгерістерге дер кезінде мән беріп, соған сәйкес әрекет ете білу маңызды. Бұл мақалада 1 жас 1 айға толған баланың даму ерекшеліктері қарастырылады. Мұнда сіз ата-аналарға арналған кеңестерді де таба аласыз.

1 жас 1 айға толған баланың физикалық даму көрсеткіштері:
• Бұл жастағы ұл баланың салмағы 8,7-11 кг құрайды.
• Бойы - 73,5-78,4 см.
• Басының өлшемі — 44,9 см мен 47,6 см арасы.

Дәл осы жастағы қыздар ұлдарға қарағанда кішірек келеді.
• Олардың салмағы 8-10, 2 кг
• Бойы - 8 71,6-76,8 см.
• Басының өлшемі – 43,7-46,4 см.

Бұл жастағы ұлдарда да, қыздарда да алдыңғы 8 тісі болуы керек.

Дені сау бір жастағы балақайдың қолынан не келеді?

13 айлық бала эмоцияны танып, біле алады және оны басқаларға толық көлемде көрсетуге мүмкіндігі бар. Сіз баланың жүзінен тек қуаныш пен қайғыны ғана емес, сонымен бірге көңіл-күйдің барлық спектрін көресіз: махаббат, тәуелсіздік, қорқыныш, ашу, қыңырлық.
Баланың дүниетанымы артып, көкжиегі кеңейе түспек. Ол қоршаған ортадағы заттарға қызығушылық таныта бастайды. Қызығушылығын оятқан заттардың атауларын бірнеше рет қайталауға, сондай-ақ нәрестенің сұрау мәнді дыбыстарына шексіз жауап қайта беруге қазірден дайын болыңыз. Бұл жастағы балалардың көпшілігі өз бетінше жүре алады. Егер бала қазірдің өзінде жүріп жүрген болса, онда баланың қадамдары баяу әрі сенімді емес. Сондай-ақ, қазірдің өзінде жүгіре алатын балаларда баршылық. Бірақ егер сіздің балаңыз әлі де жүруді үйренбеген болса, онда сізге алаңдауға себеп жоқ. Себебі баланың жүріп кетуіне алда әлі бірнеше ай бар.
Балалар үстел басында отырып, ересектердің көмегінсіз тамақ ішуге әрекет жасай алады.

Сондай-ақ, бала өз бетімен доппен ойнауға, пирамида ойыншығын бұзып, қайта құрауға мүмкіндігі бар. Ол кез келген заттарды итеріп немесе өзіне қарай тарта алады. Қарапайым қажеттіліктерін орындай алады, мысалы, бір нәрсені ұстап әкеле алады.

Интеллект және әлеуметтік дағдылар

Бұл жастағы баланың сөйлеу деңгейі белсенді түрде дамиды, бірақ сөздік қоры негізінен қайталанатын сөздерден тұрады: «ана», «әке», «ата», «аға», «бер». Бала оған қарата айтылатын «бер» немесе «мә» дегенді де түсінеді, сонымен қатар жануарлардың дауыстарына еліктей алады: «мөө», «мәәә», «мияу», т.б.
Балалар көбінесе сөздегі екпін түсетін буынды ғана айтады, осылайша айналадағы заттарға атау береді. Мысалы, «қа-сық» деген сөздегі бірінші буынды айтады.
Бала ойнай отырып, өзімен сөйлеседі. Даусын кейде көтеріп, кейде төмендетеді, сондай-ақ интонацияны құбылта алады.

13 айдағы норма - 10 сөзді білу

Бұл бала жастағы балалар ұғымдарды жалпылауға бейім келеді. Мысалы, ол барлық дөңгелек заттарды доп ретінде, ал барлық жануарларды мысық немесе ит ретінде қабылдайды. Сондай-ақ, бала іс-әрекеттерді біріктіруге тырысады. Бала үшін азық-түлікке қатысты барлық нәрсе "ням – ням", барлық қозғалатын заттар"би-би" деген атаумен таныс.
Бұл жастағы бала ата-анасына өте жақын болады, бірақ осы кезең өзге балалармен ақырындап жақындай түсуге оңтайлы кезең болмақ. Ата-аналар достарының немесе туыстарының балалары арасында, сондай-ақ, баланың құмда ойнауы кезінде өз балаларына қолайлы "компания" табуы керек.

Тамақтану тәртібі: Не жеуге болады?
Бұл жаста баланың әлі де көп тістері жоқ, бірақ бұл оған қоспалар мен картоп пюресін беруді жалғастыруға себеп бола алмайды. Тамақты бала тұншығып қалмайтындай етіп ұнтақтап беру керек.

Баланы күтудегі ерекшеліктер
Бір жас бір айға толған нәрестені күнді бет-аузын жуып, тіс тазалаудан басталатынына үйрету маңызды. Бала бұл оған қажет дағды және пайдалы екенін түсінуі керек, сол себепті бұл процедураларды өткізіп алмаңыз. Баланы күнде шомылдырып отыру қажет, бірақ күнделікті шомылдыру кезінде баланың терісі тез кеуіп, құрғап кетуі мүмкін екенін ескерген жөн.
Бір жылдан кейін балаңызға өздігінен шомылуға мүмкіндік беріңіз, бірақ бұл сәтті бақылауда ұстағаныңыз абзал.