Басты жаңалықтар

1 жас 2 айға толған баланың салмағы, бойы даму ерекшеліктері

Бұл кезеңде баланың ойлау қабілеті күрделене түседі, себебі ол есейе бастайды. Енді оның ойы бұрынғыдай автоматты түрде емес, белгілі бір қағидаларға бағытталады. Ойының өрбуі жоспарлы түрде қалыптасады, бүлдіршін оны саралап, салыстырып, салдарын бағалай бастайды. Бұл кезеңдегі нәрестеге тән ерекшеліктерді осы материалдан оқып, біле аласыз.

Физиологиялық даму

Сәби бір нәрсе істеу үшін бірнеше әрекетті қатар жасау керектігін түсіне бастайды.

1 жас 2 айда балаға жаңа ақпарат ағыны түседі, оған сәби еркелеп, көзінен жасы шығып реакция білдіреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормалары бойынша баланың:
• дене салмағы 8.300-11.300 г
• бойы 74-81 см

Өсіп-жетілудің бұл кезеңі балаға жаңа мүмкіндіктер әлемін ашады. Оның ойлау жүйесі күрделене, абстракциялана түседі. Бала жоспар құруды, оны өзгертуді және өз қалауы бойынша бұзуды үйренеді. Ол өзінің әр әрекеті жайлы ойлана бастайды. Өзінің басында болып жатқан “нәрселермен” алаңдаулы, яғни бұл оның мінез-құлқына әсер ете бастайды.

Мінез-құлқындағы өзгерістер

Бала өзінің әртүрлі мінез-құлық танытқанына ата-анасының реакциясын зерттейді. Егер жыласа не болады? Анасын құшақта қалай әсер етеді? Осындай ойлармен нәресте бір күнін өткізеді.

1 жыл және 2 ай толған баланың табиғаты мен даму белгілері:
• ол анасына байланып қалған, жиі құшақтауды, өзін көтеруін сұрайды;
• мінезі пайда болады, еркелейді, бұзық болады, қызғанады;
• тамақ ішуі нашарлайды;
• көңіл-күйді тез өзгереді;
• өзгелерден ұяла бастайды;
• бір нүктеге қарап, ұзақ ойланып тұрып қалады;

Енді бала белгілі бір іс-қимылды қайталай бермей, өз бетінше жаңа әрекеттерді ойлап тауып, оларды өз қалауына қарай өзгерте алады. Бала не қалайтынын нақты көрсете бастайды. Ол стратегиялық тұрғыдан ойлайды және шекарасын тексеріп отырады. Мәселен, "егер мен гүлді жұлып алсам не болады?” “анамнан қашып кетсем/ұйықтамасам не болады?" деп ойлайды. Ол өзінің наразылығын көрсетудің, сізді алдаудың жолдарын меңгереді.


Бұл жастағы балаға не тән:
• өз заттарына қатысты меншік иесі екенін көрсетеді;
• ол басқа адамдарға, мультфильм кейіпкерлеріне еліктейді;
• бастама жасай бастайды;
• таңдау жасай бастайды (не жегісі келеді, қандай киім кию керек, қай жерге бару керек);
• талап қоя бастайды;