1 жас 3 айлық сәбидің дамуы: Сіз білуіңіз керек ақпарат
Бұл жастағы бала белсенді түрде қозғалады, тіпті жүгіре алуы мүмкін. Қасықты қолдануды үйреніп, шыны-аяқтан ішуді біледі. Алғашқы уақыттармен салыстырғанда салмақ қосу мен бойының өсуі тоқтайды.
1 жас 3 айлық бала өздігінен жүреді, бірақ құлауы мүмкін. Бұл жастағы бала тұрақты тұрады, еңкейеді, бұрылады, артқа шегінеді (позициясын өзгертеді). Кейде тіпті жорғалауы мүмкін.Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеріп, арқасына айналдыру секілді сан алуан қимылдарды орындайды.
1 жас 3 айлық балалардың ДДСҰ деректері бойынша бойы мен салмағының көрсеткіштері:
1 жас 3 ай | Кем дегенде | Максималды |
Ұлдардың салмағы, кг | 8,3 | 12,8 |
Қыздардың салмағы, кг | 7,6 | 12,4 |
Ұлдардың бойы, см | 74,1 | 84,2 |
Қыздардың бойы, см | 72,0 | 83,0 |
Ұл баланың басының өлшемі, см | 44,2 | 49,4 |
Қыз баланың бас өлшемі, см | 42,9 | 48,4 |
1 жас 3 айдағы ойын қылықтары
1 жас 3 айлық бала бұрын үйренген заттармен әрекеттерді өз бетінше қайталауды дағдыға айналдырады (жіпті сақиналар, текшелерді бірінің үстіне бірін қою, қуыршақты, аюды тамақтандыру, т.б.).
Ойыншықпен таныс әрекетті қайталайды (сілкіп ойнау , алып жүру):
Тұрмыстық заттармен ойнағанды ұнатады. Жасы үлкен жақындарына еліктейді: әкесі сияқты «оқиды», әпкесі сияқты «сабақ дайындайды».
1 жас 3 айлық балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы.
Эмоционалды тұрақты көңіл күй күні бойы сақталуы мүмкін. Кез келген жағдайда, өзіне жақын ересек адамның бет-әлпетіне, қимылдарына еліктейді (күледі, қабағын түйеді, т.б.).Басқа балаға эмоционалды түрде іс-әрекет жасап, жауап беруі мүмкін. Таныс немесе бейтаныс ересек адамға әр түрлі көзқарас танытуы мүмкін. Бұл жастағы бала эмоционалды күйден екіншісіне тез ауысады: қуаныштан қыңырлыққа дейін. Сонымен қатар баланың зейінін басқа арнаға аудару оңай.
1 жас 3 айдағы баланың сөйлеу дағдылары
Сөздерді түсіну:
Бұл жастағы балалар таныс ойыншықтардың, айналадағы заттардың көптеген атауларын түсінеді, жақын ересектердің аттарын, киім атауларын, іс-әрекеттердің белгілерін, кейбір тұрмыстық жағдайларды біледі. Ересек адамның өтініші бойынша адамның және бейнелі ойыншықтың кез келген бет бөлігін көрсетеді.
Кітаптағы суреттерді қызығушылықпен қарап, кейіпкерлерді тани алады. Тақпақ, өлеңдер, әндер тыңдайтын мүмкіндікке ие.
Белсенді сөйлеу қабілетіне ие. Бұл жастағы балалар 20-ға дейін жеңіл сөздерді еркін айта алады.
1 жас 3 айлық баланың тұрмыстық дағдылары.
-Бөтелкені көтеріп өздігінен ішуге тырысады.
-Қасықпен тамақ жеуге талпыныс жасайды.
- Жуынарда қолын тосады, қолын бетіне апарып "жуады", өзі "сүртінеді".
- Киіндіріп жатқанда қолын ұсынып, аяғын аяқ киімге салып, өздігінен киінуге ұмтылады.
Егер 1 жас 3 айға толған бала жоғарыдағы әрекеттерді орындай алмаса, қайғыға салынбаңыз. Әр баланың ағзасы, дамуы әртүрлі деңгейде болмақ.