1 жас 4 айлық баланың даму ерекшеліктері қандай?
1 жас 4 айлық бала өзін тұлға ретінде белсенді түрде көрсете бастайды және өз қалауын білетін болады. Аталмыш кезеңді жас аналар өз арасында "қыңырлықтың шыңы" деп атап кеткен екен. Сәбидің көңіл-күйі бірқалыпты деңгейде бола бермейді: бір минут бұрын күліп отырса, бір минут өтпей жылап отыруы мүмкін. Тамақ пен ойын-сауыққа қатысты таңдау мен талғам пайда болады. Бұл кішкентай балақаймен қандай қарым-қатынас жасау қажет және оның дамуы туралы не білу керек?
Баланың жынысы | Баланың бойы | Бас өлшемі | Салмағы |
Ұл бала | 78 см | 49 см | 11,5 кг |
Қыз бала | 83 см | 45,5 см | 10,6 кг |
Осы сұраққа жауап іздеп, нақты іс-әреккеттерді анықтап алайық.
1 жас 4 айлық бала өзін тұлға ретінде белсенді түрде көрсете бастайды және өз қалауын білетін болады. Аталмыш кезеңді жас аналар өз арасында қыңырлықтың шыңы деп атап кеткен екен. Сәбидің көңіл-күйі бірқалыпты деңгейде бола беримейді: бір минут бұрын ол күлсе, бір минут өтпей жылап отыруы мүмкін. Тамақ пен ойын-сауыққа қатысты таңдау мен талғам пайда болады. Бұл кішкентай балақаймен қандай қарым-қатынас жасау қажет және оның дамуы туралы не білу керек?
1 жас 4 айлық бала қандай іс-әрекеттер орындай алады?
1 жас 4 айлық балада мынадай дағдылар қалыптасып, дами бастайды:
- Бұл жастағы бала өздігінен жүре алады. Тепе-теңдікті сақтау үшін аяқтары мен қолдарын кең ашып қозғалады.
- Жатқан және отырған күйден ересектердің көмегінсіз еркін көтеріле алады.
- Баспалдақпен жоғары және төмен жорғалайды.
- Өзімен бірге үлкен немесе бірнеше кішкентай ойыншықтарды алып жүруді әдетке айналдырады.
Көзбен көру деңгейі
Бұл жастағы балақай айналада қандай іс-әрекеттер болып жатқанын үнемі көзбен көріп, қадағалап отырады, саусағымен оны қызықтыратын объектілерді көрсетеді.
Психоэмоционалдық ерекшеліктері
Бұл кезеңде балада эмоционалды көңіл күйін білдіру қабілеті дамиды. Өзіне жақын ортадағы ересектердің көңіл-күйін өзінше сезініп, олармен бірге мұңайып, бірге қуанады. Бұл тұста қыздар эмоционалды байланысқа көбірек түседі. Сонымен қатар олар құшақтауды, сүйіспеншілікті қабылдауды және ересектердің қолдарында отырғанды ұнатады.
Үнемі сүйіспеншілікке толы жақын адамының жанында болуды қалағандықтан, бала түн ортасында ата-анасының төсегіне баруды әдетке айналдыруы мүмкін. Бала өзінің эмоциялары мен сезімдерін мимика, ым-ишара арқылы жеткізе бастайды. Саусақпен белгілі бір затты меңзеп, қалағанын алу үшін дыбыстарды немесе қарапайым сөздерді шығарады.
1 жас 4 айдағы баланың сөйлеу дағдылары
Он алты айлық нәресте 10-нан 50-ге дейінгі шамада сөздерді біледі және әлемді түсіну жолында оларды белсенді түрде пайдаланады. Мәселен, қажетті затты көрсетіп, «бер», «ішем», «ням» т.б сөздерді қайталау арқылы көмек сұрай алады.
Ата-аналарға құлаққағыс
1 жас 4 айлық нәресте әлемді тануға белсенді түрде талпыныс жасап, күн сайын өзіне шағын жаңалықтар ашады. Оған айналада болып жатқан барлық құбылыстар мен іс-әрекеттер туралы айтуға тырысыңыз: Күнделікті ауа-райы туралы, мысық немесе ит қандай дыбыстар шығарады және ойыншықтарды қорапқа салу неге соншалықты маңызды екенін білу нәресте үшін тың жаңалық. Бала бәрін «губка» сияқты сіңіреді және әрбір жаңа ақпарат дүниетанымының артып, көкжиегінің кеңеюіне жол ашпақ.