Баян Алагөзова қытайлықтарға тұрмысқа шыққан қыздарды жақтап шықты
Продюсер: "Жігіттер әуелі әйелдерді сыйлап үйреніңдер"
Атышулы продюсер желіде қызу талқыға түскен қазақ қызының қытайлық жігітпек құрмақ болған некесіне байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KYN.KZ Баян Мақсатқызы жазбасын қытайлық жігітке тұрмысқа шықпақ болған қыздың тойын болдырмай қойған жігіттер туралы бастады. Айтуынша қытайлықтардан миллиардтап қарыз алуға, техникасын қолдануға, киімдерін киюге, ресторандарына баруға, мұнай компаниясын басқаруға беруге болады. Бірақ қытайға үйленуге болмайды. «Менің айтқым келгені жүрек ұлт таңдамайды. Неге біздің әйелдер кімге күйеуге шығатынан қоғамнан сұрау керек?», - деп жазды. Сонымен қатар продюсер қазақ жігіттері туралы да сөз қозғады. Продюсер оларға өздерін жар ретінде көруге лайық болуын айтты. «Әуелі әйелдерді сыйлап үйреніңідер, әйел күң емес. Біздің елде еркіндік тек еркектерге ғана берілген сияқты. Олар әйелді ұрады, ұрсады, қорлайды, бірнеше рет үйленеді», - деп жазды. Продюсер сөз соңында егер қызының өзге ұлт өкілін ұнатып қалуынан қорқатынын айтты. «Бұл жерде қоғамның қандай қатысы бар? Егер шыныменде ұлтты бәрінен жоғары қоятын болсаңдар, тым болмаса отандық тіс пастасын шығарыңдар! Самолет, машина, телефон туралы үндемей-ақ қояйын... Қытайлықтарда мынадай керемет сөз бар: «Аспанның жартысы әйелдерге», - деп сөзін аяқтады. Аагөзованың бұл жазбасына желі қолданушылары әр түрлі әсер етті. Бірі қолдап: «Дұрыс айтасыз», - деп жазса, енді біреулері керісінше пікір қалдырды.