Басты жаңалықтар

1 жас 7 айға толған бүлдіршіннің салмағы, бойы: Ата-анаға қажетті мәліметтер

1 жас 7 айға жеткен бүлдіршіннің қолынан бәрі келеді деуге болады. Оның қимылы толыққанды ретке келген, сәби белсенді, барлық нәрсеге қызығушылықпен қарайды. Осы және өзге де бүлдіршін жайлы ақпаратты Kyn.kz ақпараттық порталынан оқып біле аласыз.

Бұл жастағы балалар белсенді ойындарды өте жақсы көреді, әртүрлі кедергілерді жеңуге және жаңа нәрселерді зерттеуге тырысады, осы ретте ата-аналар өте мұқият болуы керек.

Физикалық көрсеткіштер

19 айлық баланың көрсеткіштері мынадай:

Қыздар үшін — бойы 82 см, салмағы 11 кг 200 г, бас өлшемі — 47-48 см, кеуде өлшемі — 50-51 см.
Ұлдар үшін — бойы 83 см, салмағы 11 кг 900 г, бас өлшемі — 48-49, кеуде өлшемі — 51-52 см.

Бұл жаста балақайдың қолынан не келеді?
• ол қазірдің өзінде сенімді жүреді;
• орнында тұрып та, алдыға қарай да секіре алады;
•  жүресінен отыра алады;
• құлап кетпейді, сүрінбейді, өйткені аяғының астына қарап жүруді үйренген;
• кедергілерді айналып өтеді;
• баспалдаққа өздігінен көтеріле алады, бірақ ересектің жетектеуімен ғана түсе алады;
•  төсектен не манежден оңай түсіп алады;
• бөлмедегі есіктерді ашып, жаба алады;
•  доппен белсенді түрде ойнайды, тебеді, лақтырады;

Бала заттарды пішіні, түсі және өлшемі бойынша ажырата алады. Оның логикалық ойлауы, әрекетті нәтижемен салыстыру қабілеті дамиды.

Мәселен, бала егер шыныны құлатып алса, одан су төгілетінін түсініп тұрады. Бұл жаста ол ересектерге еліктей бастайды. Өз бетінше шашын тарап, киімін киіп, шешіп, үйдегілеріне көмектескісі келіп жүреді.
Сондай-ақ, бүлдіршін өзіне айнаға қарап, сүйсініп жүреді. Өз есімін біледі, дене мүшелерін таниды, көрсете алады. Үйіндегі адамдарды да таниды.

Сөйлеу қабілеті
Бұл уақыт бүлдіршін үшін белсенді қарым-қатынас құру жасы. Бала көптеген сөзді айтуға тырысады, көбінесе олар түсініксіз шығады. Ол ересектерді жақсы түсінеді және олардың артынан қайталауға тырысады.

Осы жасқа қарай бала сөздерден қарапайым тіркестер мен сөйлемдерді құрауға тырысуы керек. Мәселен: “мама қара”, “мама бер” және т. б.

1 жастан 7 айға дейінгі нәрестенің сөздік қоры 50 сөзден асады. Оны біртіндеп аптасына бірнеше жаңа сөз қосу арқылы көбейтуге болады. Сөзді бірнеше рет қайталау керек, оны визуалды түрде бекіту қажет. Бұл жағдайда бала сөзді есте сақтап қана қоймай, оны түсіне бастайды.

Ата-анаға кеңес
Баланың өсуінің кез келген кезеңі белгілі бір қиындықтармен қатар жүреді. 1 жыл 7 ай қызық кезең, ол негізінен қоршаған ортаға еліктеуге және оны тануға бағытталған. Сондықтан ата-аналар балаға ғана емес, өздерін, өз сөздеріне, мінез-құлқына да назар аударуы керек.