Өнер мен отбасын қатар алып жүрген шоу-бизнес өкілдерін біле жүріңіз
Отандық танымал көпбалалы жұлдыздар кімдер?
«Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар». Тапқырлықпен айтылған даналыққа толы нақылды өмірлік ұстаным ететін танымал тұлғалар аз емес. Олар мінсіз мүсініне, ісі биікке өрлеген шығармашылығына декреттік демалыс кедергі болады деп санамайды.
Керісінше, өз несібесімен келген әр баланың әкелер бақыты көп сенеді. Байлық пен кәсіптің уақытша екенін, ал ұрпақтың мәңгілік өмір жалғасы екенін анық білетін, амал ететін көпбалалы жұлдызды ата-аналар топтамасына Comode сайты арқылы шолу жасайық.деп хабарлайды KYN.KZ
Қыдырәлі мен Қарақат
Бес баланың ата-анасы Күні кеше тұңғыштары елімізде алғаш ретзияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арнап ашылған IQ Kazakhstan ұйымының бас координаторыатанған Қыдырәлі мен Қарақат та көпбалалы ата-аналар.
Жұлдызды отбасының төрт ұлы мен бір ерке қыздары бар. Продюсер әкенің айтуынша бұл тек әзірге екен: «Шынымды айтсам, мен әлі кемінде үш қызымның болғанын қалаймын. Алла береді деп сенемін. Соңғы кездері баланың саны емес, санасы маңызды деп айтатын адамдар көбейіп кетіпті. Жалғыз бала – ел болмайды. Ертелі-кеш әке-шешенің өлетіні хақ. Ешкім мәңгілік емес. Сол кезде бір-біріне демеу болатын бауырлар көп болу керек. Шүкір, төрт ұлым бір-біріне серік әрі кенжемізге жақсы аға болады деп сенемін. Алайда, қызға де сырласатын әпке-сіңілі керек. Сондықтан, үнемі тағы Алладан перзент тілеймін. Мен үшін әр балам – бір төбе. Мақтанамын. Солардан қуат аламын. Олар үшін дұға тілеймін. Адам болып келген өмірден адамгершілігі жоғары адам болып өтуі үшін әке ретінде тәрбие беру керек. Бірақ, баланы ұрып-соғып тәрбиелей алмаймыз. Әр ата-ана әуелі өзін дұрыстау керек. Ал, бала соған қарап бой түзеп, өзі-ақ өседі».
Бекболат, Иманәлі, Нұрәлі, Айсұлтан есімді төрт батырдан соң 2016 жылы 15-мамыр күні дүниеге кесте тігер келген еді. Есімін Аяла деп азан шақырып қойған. Ал, биыл бір жасқа толған балапанның тұсаукесері мен Айсұлтанның сүндетке отырып, мұсылман болған күнін Болмановтар әулеті дүркіретіп жасады.
Динара Сұлтан
Бес баланың анасы «Super Star Kz» жобасының қатысушысы болған Динара Сұлтан қазір шығармашылықтан гөрі, отбасына көбірек көңіл бөлуді жөн санайды. Алайда, өнеріне нүкте қойған емес. Реті келсе жаңа ән, бейнебаян, ерекше фотосессияларымен тыңдарманын қуантып жүреді.
Бірақ, Динара үшін өнердегі мансап емес, өмірдегі ұрпақтарының тәлімі мен тәрбиесі маңызды екен. Бүгінде бес балаға өмір сыйлаған алтын құрсақты ана парақшасына жиі бала тәрбиесіне қатысты ақпарат жазып, білгенімен бөлісіп отырады.
Ринат Зайытов
Төрт баланың әкесі Ойын ашық айтатын тілі өткір айтыскер ақын Ринат Зайытов да төрт баланың әкесі. Үш қыз, бір ұл сыйлаған жары Зульфия отағасының музасы. Тұңғыштары Ақжүніс биыл бастауыш сыныпты бітірді. Ол Мейрамбек Беспаевтың Кәусарымен бірге оқиды.
Отбасын құрғандарына 13 жылдан астам уақыт өткен Ринат пен Зульфияның Ақжүністен кейін Айша, Оспан және Аягөз есімді тәттілері бар.
Тұрсынбек Қабатов
Төрт баланың әкесі Ауылда өскен, ауылдың әңгімесі мен қызығын әзіліне тақырып еткен Тұрсынбек Қабатов да көпбалалы әке. Актердің анасы өмірге үш ұл, үш қыз әкелген алтын құрсақты жан. Отбасында екінші бала болып өскен Тұрсынбек үшін көпбалалы болудың өзіндік несібесі мен берекесі бар. Бүгінде үш қыз бен бір ұлдың әкесі әлі де дүниеге маңдайы торсықтай ұл мен айдай арулардың келуіне себепші болуды армандайды.
Әдемі, Айым, Айару есімді үш арудан соң жұлдызды келін Мөлдір отағасына 2013 жылдың 28-қыркүйегінде Нұриман есімді ұл сыйлады. Бүгінде танымал отбасы жиі үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүр.
Алтынай Жорабаева
Төрт қыздың анасы Жолдары бөлек кетсе де актер Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваны тоғыстыратын төрт қыздары бар. Аяулым, Айнара, Семанұр, Көркем есімді сұлуларын жұлдызды ана қазір жалғыз тәрбиелеуде.
Алматыдан Астанаға қоныс аударған Жорабаева бала тәрбиесінде қатал. Еркеліктің де шегі болуы керек деп түсінетін ананың қыздарына қоятын талаптары көп. Тазалық, шындық, адалдық, біреудің ала жібін аттамау, білімде алғыр әрі өзара бауырмашыл болу. Мұндай тәрбиені кезінде Алтынай өзінің анасынан үйренген.
Қайрат Нұртас
Төрт баланың әкесі Жақында ғана отбасымен халықты таныстырған Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз бүгінде төрт бірдей бүлдіршіннің ата-анасы.
Келесі мақала