Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 жас тоғыз айлық бүлдіршін: Салмағы, бойы, дағдылары

1 жас тоғыз айлық бүлдіршін: Салмағы, бойы, дағдылары
ашық дереккөз

Бұл жастағы нәресте айтарлықтай өсіп қалған. Күн сайын ол әлемді тануды, неғұрлым көбірек дағдыларды игеруді жалғастыруда. Бүгін бүлдіршіннің бір жас тоғыз айындағы дамуы жайлы ақпаратпен Kyn.kz ақпараттық порталында бөлісеміз.

Енді бала құрдастарына қызығушылық танытады, эмоцияларын еркін түрде білдіреді және тұрмыстық сөздерді айтуды үйренген.

Бір жас тоғыз айдағы баланың физикалық параметрлері

Ұл балалардың бой, салмақ, бас және кеуде өлшемдерінің нормалары

Бойы 80,4-тен 88,4 сантиметрге дейін.
Салмағы 10,6 кг-нан 13,6 кг-ға дейін.
Бас өлшемі 47,5 см-ден 50,5 см-ге дейін.
Кеуде өлшемі 48,8 см-ден 52,0 см-ге дейін.

Қыз балалардың бойының, салмағының, бас және кеуде шеңберінің нормалары

Бойы 79,7-ден 87,6 сантиметрге дейін.
Салмағы 10,5 кг-нан 12,8 кг-ға дейін.
Бас өлшемі 46,5 см-ден 49,5 см-ге дейін.
Кеуде өлшемі 47,7 см-ден 51,9 см-ге дейін.

Балада бір жас тоғыз айда шамамен 17 тіс болуы керек, бірақ ДДСҰ мәліметтері бойынша олардың қалыпты саны 14-тен 16-ға дейін деп көрсетілген.

Баланың қолынан не келеді?

  • қатты биік емес кедергілерді жеңіл өте алады, орындыққа өздігінен көтеріліп, диванға шыға алады;
  • шетінен ұстап, баспалдақпен көтеріле алады;
  • мұнара салу немесе пирамида жинай алады;
  • заттардың пішінін ажыратады;
  • заттың өлшемін анықтап, ең үлкен және ең кішкентайын айыра алады;
  • түстерді ажырата біледі;
  • кез келген консистенциядағы тағамды қасықтап өз бетінше жейді;
    баскиім, шалбарды киіп, аяқ киімін шеше алады, түймелерін оңай ағытады;
  • ойыншықтарды сақтайтын орнын біледі, ересек адамның өтініші бойынша кітаптар мен ойыншықтарды өз орындарына жинайды;

Психоэмоционалдық дамудағы ерекшеліктері
Бала күн сайын өсіп келеді, енді ол сізбен ойын барысында ересек адам сияқты қарым – қатынас жасайды.
Бұл жастағы бала салмақты, ол әлемді білуге үлкен қызығушылық танытады, алаңдаушылық тек бейтаныс ортада пайда болады және жақын жерде анасы болмаған кезде туындайды. Ол анасын әрқашан жақын жерден көргісі келеді.

Бала өзі ойнап, өздігінен бірдеңе жасауға тырысқанда, оның реакциясын байқай аласыз. Әсіресе баланың эмоциясына ересек адамның көңіл-күйі қатты әсер етеді. Бала сіздің ренішіңізге, қайғыңызға немесе қуанышыңызға өте сезімтал.

Көптеген сәбилер қарапайым суреттерді жақсы түсінеді, онда не түсірілгенін көрсете алады, сонымен қатар “Бұл кім? Мынау не? Не істеп жатыр?" деген сұрақтарға жауап бере алады.

Мұндай сұрақтарды балаға суреттерді көрсеткен соң немесе ертегі тыңдатқаннан кейін қойған дұрыс. Осы арқылы бүлдіршіннің жадысы мен естке сақтау қабілетіне әсер ете аласыз.

Баланың сөздік қоры

Бұл уақытта балалардың сөздік қорында шамамен 30-50 сөз бар. Бірақ одан да көп болуы мүмкін. Дыбысы көбінесе жеңіл шығады, әр балада әртүрлі.

Әдетте бала бір жыл тоғыз айда ересек адаммен қарым-қатынаста немесе ойын барысында екі сөзден тұратын сөйлемдерді қолданады.

Күн сайын бала жаңа сөздерді есте сақтайды, осылайша сөйлеу қабілеті дами бастайды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар