Басты жаңалықтар

1 жас 8 айлық бүлдіршіннің даму ерекшеліктері: Ата-анаға құлаққағыс

Бұл жаста баланың бойында қандай көрсеткіштер норма болып табылады және педиатрдың көмегіне қандай жағдайда жүгінуге тура келеді? Дәл осы сұрақ төңірегінде жауап іздеп көреміз. Осы және өзге де бүлдіршін жайлы ақпаратты Kyn.kz ақпараттық порталынан оқып біле аласыз.

Бір жас сегіз айлық мерзім баланың психоэмоционалды дамуы тұрғысынан өте қызықты болмақ. Көбінесе, дәл осы жаста балалар өздерін еркін сезініп, өзін-өзі тану және тұрмыстағы белгілі бір заттарға иелік ету сезімі қарқынды түрде дамиды. Сонымен қатар нәрестелер тұтас сөйлемдермен сөйлей бастайды, ал кейбіреулері ата-аналарына күнделікті істерінде көмектесуге және құрдастарымен ойнауға тырысады.

1 жас 8 айлық баланың физикалық көрсеткіштері
Екі жасқа жақындаған балаларда салмақта да, бойда да айтарлықтай айырмашылықтар болуы мүмкін. Дегенмен, ескеруге тиісті нормалар бар. Бұл тұрғыда баланың бойында айтарлықтай үлкен айырмашылықтарды байқайтын болсаңыз, міндетті түрде педиатрмен кеңесу керек.
• Бұл жастағы ұл баланың салмағы 11-12,5 кг құрайды.
• Бойы - 78-86 см.
• Басының өлшемі — 48 – 50 см.

Бұл жастағы қыз баланың салмағы 10-12 кг
• Бойы - 78-86 см.
• Басының өлшемі – 46,5-49 см.
Бұл жастағы балалар тұрақты түрде салмақ қоспайды, яғни бір ай ішінде бұл тұрғыда мүлдем өзгеріске ұшырамауы мүмкін.

Нәресте бір жас сегіз айда не істей алуы керек?
Бұл жаста балақай өзін ересек әрі еркін ұстауға тырысып, ана мен әкеге еліктеуге ұмтылады. Бұл жаста сіз кішкентайға гүлдерді суаруды, еденді сыпырғышпен сыпыруды, кеселерді үстелден ас үйге ауыстыруды тапсыра аласыз. Бұл нәрестенің қазірдің өзінде өзін еркін түрде сезінуіне жол ашады. Сондай-ақ:
- Балақай өзінің ішкі ниеті мен тілектерін айқын түрде, тіпті қажет болса наразылық таныту арқылы жеткізе алу;
- Түстер мен әр түрлі пішіндерді ажыратып, атай біл;
- Үйде және басқа да өзіне таныс жерлерде белгілі бір заттардың қай жерде екенін біледі, оларды көрсетіп, қажет болса әкеліп беру;
- Өзінен кіші немесе үлкен балалармен тіл табысуға ұмтылу;
- Жүгіру, баспалдақпен жүру, екі аяқпен секіру, кедергілерден айналып өту, доп лақтыру;
секілді іс-әрекеттерді орындай алады.
Бұл жаста, егер нәрестеңіз әліде балабақшаға бармаған болса, оған ең алдымен өзіне-өзі қызмет көрсетудің алғашқы дағдыларын үйрету керек. Өз бетінше киіну, мұрнын сүрту, қолын сабынмен жуу, тарау секілді күнделікті тұрмыста кездсетін іс-әрекеттерді жасауға құлшынысын арттыру қажет. Екі жасқа дейін бала мұның бәрін лайықты, жақсы деңгейде орындай алуы керек.

1 жас 8 айлық баланың психоэмоционалды мәселе тұрғысынан даму ерекшеліктері
20 айлығында баланың өзіндік сана сезімінің дамуының айқын көрінісін көруге болады. Балада «қыңырлық» қасиеті пайда болады, сондай-ақ ол өз мүдделерін батыл қорғай алады, басқа адамдардың оның мүлкіне, ойыншықтар мен кітаптарына қол сұғуға жол бермейді.Көптеген ересектер бұл мінез-құлықты нашар тәрбиемен тікелей байланыстырады, бірақ бұл іс-әрекеттер тікелей жас ерекшелігіне байланысты туындайды. Бұл тұрғыда баланың мінез-құлқындағы дәл осындай өзгерістермен күресу өте қиын.
Қандай жағдай болмасын бұл жаста нәрестені физикалық түрде жазалауға болмайды. Бұл ешқандай нәтиже бермейді, сонымен қатар психикаға терең зиян тигізуі мүмкін. Бұл жаста пайда болған невроздарды емдеу болашақта өте қиын болады.

1 жас 8 айлық баланың сөйлеу қабілеті
Нәресте бір жарым жасқа толғаннан кейін сөйлеу қабілетінің дамуы жаңа деңгейге көтеріледі. Бір жас сегіз айлық бала қоршаған ортадағы заттар мен оларды білдіретін сөздер арасындағы тікелей байланыстарды түсіне алады. Бала күнсайын өзінің пассивті және белсенді сөздікқорын толықтырады.
1 жас 8 айлық кішкентайыңыз қарапайым сөздерді - «ана», «бер», «ал»«мө-мө» деп айта алуы керек.
Бұл жастағы нәрестелер белсенді сөйлеуге ұмтылады және олардың сөйлеген сөздері өте күрделі болуы мүмкін. Балаға қанша кітап оқылса, соғұрлым онымен сөйлессе, оның сөздік қоры молаяды. 20 айда баланың сөздік қорында 15 немесе одан да көп сөз болуы мүмкін. Егер нәресте әлі сөйлемеген болса, үрейге берілмеңіз. Бұл тұста баламен көбірек сөйлесіңіз, оған үлкенірек балалармен ойнауға жиі рұқсат етіңіз. Егер бала 2-2,5 жасқа дейінмүлде сөйлемеген, сөйлеуге талпыныс білдірмеген болса логопедпен кеңескен жөн.