Жаңа жылдық дастарханға арналған ең дәмді әрі оңай 5 салат
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2021
- 952
Жаңа жыл – отбасылық мейрам. Ас үй ханшайымдары бұл күні ерекше дайындалатыны сөзсіз. Дастарханның сәнін келтіріп әрі қонақтарыңыздың таңдайынан дәмі кетпейтін ерекше салаттардың түрлерін ұсынамыз.
- Биыл барыс жылы болғандықтан, жылдың басты символын көрсететін бейнедегі салат қонақтарыңызды таңғалдырмай қоймасы анық.
Құрамына: 320 гр піскен сиыр еті, 3 асылған жұмыртқа, тұздалған қияр, асылған сәбіз, қатты ірімшік, майонез, тұз, сәндеу үшін зәйтүн, жұмыртқаның ағы, бұрыш бұршақтары қажет.
Алдымен жалпақ тәрәлкеге піскен сиыр етін майдалап турап, барыстың басының формасын келтіріп саламыз. Оның үстіне майонез жағып, ұсақтап туралған тұздалған қиярды, содан соң асылған жұмыртқаны, ірімшікті үккіштен өткізіп, тағы да майонез жағып үстіне асылған сәбізді үккіштен өткізіп салу керек. Барыстың басының формасын жасап, көзін жұмыртқаның ағы мен зәтүннен, жұмыртқаның ағынан аузын, бұрыш бұршақтарымен мұрты мен мұрнының формасын келтіресіз.
- Оливье салатынсыз жаңа жылды елестету мүмкін емес. Салаттың классикалық жасалу әдісін ұсынамыз. Құрамын қалауыңызша өзгертуге болады.
Құрамына: піскен ет, асылған картоп, сәбіз, жұмыртқа, тұздалған қияр, консервіленген бұршақ, майонез, тұз бен қара бұрыш қажет.
Қоспалардың барлығын төртбұрыштап турап, майонез бен тұз, бұрыш салып, дәміне қарай тұз бен бұрыш салып араластырсаңыз ең дәмді салат шығады.
- Майонезсіз дайындалатын салат іздесеңіз бұл тағам сіздің дастарханыңыздың әрін келтіреді. Әрі небәрі 15 минутта дайындалады.