Баланың көзінде, көру қабілетінде ақау барын білудің жолдары
- автор kyn.kz
- 23 желтоқсан, 2021
- 809
Ата-аналар көбінесе баланың нашар көретінін байқамайды. Нашар көру көріністері мүлдем басқа аурулардың белгілері ретінде қабылдануы мүмкін. Баланың көзінде, көру қабілетінле ақау барын көрсететін негізгі белгілер туралы айтамыз.
Баланың көру ақаулары туа біткен және жүре пайда болған болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, нәресте әлемді өз бетімен көруге дағдыланады, сондықтан ата-аналар бала оптометрге тексерілгенге дейін немесе мектепке барғанға дейін бұндай ақау бары туралы мүлдем білмеуі де мүмкін.
Егер бала туылғаннан кейін, бала кезінде көру қабілеті бұзылса, бала ата-анасының жазалауынан қорқып, оны жасырғысы келеді. Ол өзінің ақаулығын кемшілік санап қатты қысылады, ал анасы мен әкесі жаңа әдеттер мен мінез-құлықтың өзгеруін байқап, көбінесе баланы невропатологқа апарады.
Оқушының көру қабілетін бақылау өте маңызды. Бастауыш сыныптарда нашар көрудің негіздері қаланады, өйткені баланың көзіне көбірек жүк түсе бастайды. Бұл уақытта сіз төменде көрсетілген белгілерге ерекше назар аударуыңыз керек:
- Бала теледидарға тым жақын келеді. Шын мәнінде, ол жай ғана диванда немесе орындықта қарапайым көрермен орнынан экранда не болып жатқанын көрмейді.
- Ол айналадағы маңызды заттарды қарағанда қиналады, мысалы, автобус нөмірі, тақтайшадағы көше атауы, серуенде таныс адамның бет-әлпеті, тақтадағы сөз.
- Ол мәтін оқығанда қисайып немесе қатты еңкейіп кітапты жақын ұстап оқуы мүмкін.Жазу жазғанда да қандай қашықтықты ұстайтынына да баса назар аударған дұрыс.
- Бас ауруы, бас айналу, әсіресе визуалды стресстен кейін шағымданады: мектептегі сабақтардан кейін, үй тапсырмасын орындау кезінде, оқу кезінде. Көбінесе ата — аналар балаға сенбей, ол оқығысы келмей, еркелеп жатыр деп ойлайды. Ойын ойнағанда басым ауырмай, сабақ оқығанда басы ауырып сылтаурата деп ойлап қалуы мүмкін.
- Ашулану, тез шаршап қалу, немқрайлылық, тәртібінің нашар болуы да көру қабілетінің төмендігін көрсететін белгі болуы мүмкін. Көздің шаршауы көбінесе баланың бүкіл жүйке жүйесіне әсер етіп, жаман мінез-құлық көрсетуінің негізгі себебі болуы мүмкін.
- 5-6 жастан асқан баланың салған суреттеріндегі бұрмаланған пропорциялар. Бұл астигматизмде байқалады, егер бала салған заттың сәулелері дұрыс салынбаса, бұл көздің тор қабығындағы бұрмалануға әкеледі.
- Түстерді ажырата алмау. Бұл әсіресе ұлдарда жиі кездеседі. Әдетте, мұндай туа біткен кемістігі бар балалар түстерді сұр реңктермен ажыратуды үйренеді немесе аспан көк, алма қызыл-жасыл, күн сары, сәбіз сарғыш екенін есте сақтайды. Дегенмен, қажетті қарындашты таңдау кезінде жүйелі түрде қателесуі мүмкін.
Баланы ешқашан ұрыспаңыз. Мейлі ол түстерді есте сақтай алмаса да, тіпті, 10 рет жасаса да қателесуі мүмкін. Ұрысқан сайын бала тұйықталып, оқуға қабілеті төмендейді. Ең алдымен, баланы түсінуге тырысып, себебін анықтау үшін көз дәрігеріне көрсетіңіз.
Көбінесе көру қабілеті бұзылған балаларда мінездері өзгереді. Олар тым мазасыз, көңілшек, жүрекке жақын қабылдағыш, ренжігіш, ашуланшақ болады. Дұрыс емес жауап беруден, дұрыс оқымаудан немесе сурет салудан, бір нәрсені ұмытып кетуден үнемі қорқады. Сол себепті үнемі мазасыз күйде жүруі де мүмкін. Сондықтан мұндай балалар үшін ең бастысы-ата-анасының қолдауы мен түсінуі. Уақытылы көз дәрігеріне барып аурудың алдын алсаңыз, балаңыздың көзі жақсарып, жазылып кетуі мүмкін.