Басты жаңалықтар

Баланы неше жасында логопедке көрсету керек: Бала қай жасында неше сөз білуі керек?

Жас ата-аналар нәрестенің дамуын бақылап, оның сөйлеуін асыға күтеді. Алдымен дыбыстармен уілдей бастайды, содан кейін буындармен сөйлей бастайды. Қазірдің өзінде кішкентай бала өз тілінде тәтті былдырлап жүреді. Бірақ бұл жастағы досының баласы заттардың атын атап, сөз тіркесімен сөйлейтін болып шықты. Сол кезде кейбір ата-аналар баласының дамуына алаңдай бастайды. Не істеу керек? Сөйлеуін күтейік пе? Әлде логопедке бару керек пе? Анықтап көрейік.

«Сөйлеу дамуының кешігуі немесе бұзылуы» диагнозын тек дәрігер ғана қоя алады. Достардың тәжірибесі де, форумдағы талқылау да түпкілікті қорытындыға негіз болмауы керек. Дегенмен, ата-аналар сөйлеуді дамытудың негізгі кезеңдерін білуі керек. Маманға бару шынымен қажет болған жағдайды жіберіп алмау маңызды.

Сөйлеу – қарым-қатынас құралы. Сөйлеу аппаратының қалыптасуы психикалық дамумен және өмірлік тәжірибені меңгерумен тығыз байланысты. Бала сөйлеуді ересектерді көшіру арқылы үйренеді. Ананың әндері, әзілдері, қимыл-әрекеттерінің айтылуы сөйлеу тілін дамытуға ықпал етеді. Бірақ мультфильмдер, керісінше, процесті баяулатады. Балалар суреттерді тыңдап немесе қарап қана қоймай, диалогқа түсуі керек.

Егер нәресте туғаннан құлағы жақсы естісе, онда 12 айға дейін ол келесі дағдыларды меңгереді:

  • Гуілдеу – га, ба, уа деген тәрізді буындармен дыбыс шығарады
  • Бабылдау – бір буынды бірнеше рет қайталау: мама, бабаба, дадада.
  • Жай буындардан құралған алғашқы сөздер: мама, папа, баба, ата, апа.
  • Күрделі сөздер пайда болуы мүмкін, өзіндік түрде айтылады. Мысалы әкел, бер, ал, мә, тамақты – мамақ, памақ деп, су – үф, ыстық – фа деген тәрізді өзіндік тілімен түсіндіреді.

Баланың сөздік қоры жасына байланысты мынандай болуы керек:

1,5 жас – 20-40 сөз;

2 жас - 50-200;

3 жас - 800-1000;

4 жас - 1600 - 1900;

5 жас – 1900-2200 сөз білуі керек деген тұжырым бар.

Дегенмен норма ұғымының салыстырмалы түрде, орта есеппен алынғанын ескергеніңіз жөн. Бірақ логопедиялық күнтізбеге назар аудара отырып, балалардың сөйлеу дамуының қалай жүріп жатқанын бақылау оңайырақ.

МАМАНҒА БАРУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ЖАС

Сөйлеу ақауларымен жұмыс істейтін маман балалар логопеді деп аталады. Маман көмегіне жүгінбес бұрын балаңызда мынандай белгілер болса балаңыз дұрыс дамып жатыр дегенді білдіреді.

  • Егер сіз бір жасқа толмаған нәресте оған айтылған сөзді түсінетінін байқасаңыз, оған жауап ретінде ызылдап, уілдеп жауап берсе.
  • 1,5-2 жасында сөз тіркестері мен жай сөйлемдермен сөйлесе.
  • 2-3 жаста - сөздік қорын байыта отырып, құрдастарымен белсенді қарым-қатынас жасай алса.
  • 3-те ысқырықты дыбыстарды(с, ш, з, ж), 4 жасында діріл дыбыстарын айта алса(мысалы: р, л, в)
  • Кейбір балаларда р мен л комплексінің айтылуы 5-6 жаста болуы мүмкін.
  • 6 жастан асқан бала сөздерді анық айтып, сөйлемдерді еркін құрастырады, әңгіме құрастырады.

Осы белгілер бірнешеуі байқалмай немесе қандай да бір ауытқуларды байқасаңыз, дереу маманға хабарласыңыз. Мектепке баруға дайындалып жүрген баланы логопед маманға міндетті түрде көрсетіп алуға кеңес береміз.