3 жасқа дейінгі баламен жыныстық қатынас туралы қалай сөйлесу керек?
- автор kyn.kz
- 23 желтоқсан, 2021
- 2.2k
Бүлдіршінмен оның тәні туралы туғанынан бастап сөйлесу қажет. Егер сіз сәл кешігіп қалсаңыз ештеңе етпейді. Ең бастысы, сексуалдылық туралы әңгіме баланың қауіпсіздігі үшін қажет, ол өзіне дұрыс көзқарас таныту керек, ал тәнін қалыпты және құнды деп есептеуі маңызды. Жыныстық қатынас пен сексуалдылық туралы қалай сөйлесу керектігін Kyn.kz порталынан оқыңыз.
Баланың сұрақтарына дұрыс жауап алу арқылы ата-ана мен баланың арасындағы сенімді жақсартады, бұл сенім жасөспірім кезінде әсіресе маңызды болады.
Сексуалдылық сұрақтарына мыналар жатады:
- ата-аналармен денеаралық байланыстың бірінші және кейінгі тәжірибесі (құшақтау және т. б.);
- бала пайда болуы туралы ақпарат;
- ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтар;
- баланың ұл немесе қыз ретінде өзін-өзі сезінуі;
- денесіне деген көзқарас;
- денені күту ерекшеліктері және ол туралы ой (жыныс мүшелері қалай аталады, ағзалар қалай орналасқан т. б.);
- отбасылық жыныстық құндылықтар (жыныстық қатынас, некеге дейінгі жыныстық қатынас, отбасын жоспарлау және т. б.);
- балаларға еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынасқа, ерлер мен әйелдердің қоғамдағы орны, гендерлік стереотиптер және т. б. туралы ата-ананың көзқарасы.
Мәселе секске, сексуалдыққа келгенде ата-аналарда екі қорқыныш пайда болады.
Егер мен жыныстық қатынас туралы ертерек сөйлессем бұл ұл немесе қыздың тақырыпқа шамадан тыс қызығушылығын тудырып кетпей ме?
Бұл ақпаратты айтуға тым кеш болады және ол достарынан бұрмаланған нұсқаны біледі (порнографияны көреді, 15 жасында жүкті болады, қауіпті жыныстық қатынасқа түседі және т.б.).
Бұл тақырыпты бастамас бұрын өзіңізбен сөйлесіңіз
Тек сіз ғана балаға жыныстық мәселелер бойынша берілетін ақпараттың көлемін және оған сай құндылықтарды анықтайсыз. Сіз үшін не маңызды екенін анықтау қажет. Сондай-ақ, бұл сіз баланы тәрбиелеп отырған мәдениетке тікелей байланысты. Отбасылық құндылықтарға байланысты нәрселер бар (мысалы, некеге дейін жыныстық қатынасқа, некеге тұруға және т.б.), ал ұл немесе қыздың салауатты жыныстық қатынасқа түсуіне жол бермейтін сәттер бар (мысалы, мастурбацияға тыйым салу).
Егер жыныстық қатынас туралы ақпарат екі ата-анадан бірдей берілетін болса, бала үшін сол пайдалы болмақ. Сондықтан ол мұндай әңгімелердің қалыпты екенін түсінеді және болашақта достарымен, жұбайымен де жыныстық қатынас тақырыптарын талқылай алады, сонымен қатар балаларымен еркін сөйлесе алатын болады.
2 жасқа дейінгі бала: жыныс мүшелерін дұрыс атау керек
Жыныстық тәрбие нәресте кезінен басталады. Балалар олардың махаббатқа бөлінетінін құшақтау, сүю, аймалау сияқты әрекеттерден білінеді.
Бала бір жасқа дейін денесінің әртүрлі бөліктері бар екенін біледі, оның ішінде 7-8 айында ұлдар, ал 9-10 айында қыздар өздерінің жыныс мүшелерін анықтайды.
Жеті айлық сәбилер денелерін белсенді түрде тани бастайды, олар тәнінін әртүрлі бөліктерін: құлақ, саусақ, мұрын, жыныс мүшелерін ұстайды.
Қалай сөйлесу керек?
Бала өзін зерттейді, ата-аналар: "бұл сенің жыныс мүшең”, "дененің барлық бөліктерін ұстауға болады" деп түсіндіреді. Содан кейін памперс киген баланы шешіндіріп қалдырып кетіңіз де, бүлдіршінің өзін өзін зерттеуге мүмкіндік беріңіз. Осылайша сіз балаға оның денесінде жаман не жақсы бөліктер жоқ екенін, дененің барлық бөлігі назар аударуға тұрарлық екенін үйретесіз.
Ақпаратты беру ерекшеліктері. Күнделікті жағдайлар тұрғысынан жыныс мүшелері туралы айтға болады (жуындыру кезінде, дәретханада, егер ол жыныс мүшелеріне назар аударса және т.б.). Жыныс мүшелерін дұрыс ешқандай қосымша еркелету сөздерінсіз қолданыңыз.