Басты жаңалықтар

Қытай күнтізбесі бойынша баланың жынысын жоспарлау

Ұл немесе қыз туылатынын дәрігердің қарауынсыз қалай болжауға болады? Ежелгі Қытайдың патша әулетінің мүшелері бұл сұрақтың жауабын білген. Ал енді сіз де біле аласыз.

Болашақ ата-аналар нәрестенің қалай дамып жатқанын және оның жынысы қандай екенін білу үшін 12-13 аптада алғашқы скринингті асыға күтеді. Дегенмен, кім дүниеге келуі мүмкін екендігін білудің балама нұсқасы бар. Бұл баланың жынысын анықтауға арналған қытайлық кесте немесе басқаша айтқанда, қытайлық жүктілік күнтізбесі. (Кесте суретте берілген)

Бұл күнтізбе ежелгі дәуірден басталады. Оның көмегімен қытай элитасы, атап айтқанда патша әулетінің өкілдері ер мұрагерлердің дүниеге келуін жоспарлады. Ол кезде билеуші ​​отбасындағы қыздар, өкінішке орай, онша құрметтелмейтін.

Содан құрсақтағы баланың жынысын анықтайтын кесте ұмытылып кетті. Археологтардың тауып алмаса, Қытайдың жүктілік күнтізбесі жер астында бір жерде қалатын ба еді. Қазір оның түпнұсқасы Бейжің ғылым және технология институтында сақтаулы. Оның электронды көшірмелері Интернетте тарап жүр, соның көмегімен әрбір әйел өзінің құрсағындағы баласының жынысын есептей алады.

Қытайлық баланың жыныс кестесін қалай пайдалану керек? Аса қиын емес. Кестеде көрсетілген ұяшықтар бойынша өзіңіздің жасыңыз бен бала көтерген айдағы ұяшықтың қиылысқан жерінде жазылған болжам арқылы білуге болады.

Алайда, кесте 100 пайыз жұмыс істейді деп айту қиын. Бұл тек болжам екенін ұмытпағаныңыз жөн. Балаңыздың жынысы кім болса да, бастысы дені сау, салиқалы ұрпақ болуын тілейміз. Сіздің балаңыздың жынысы кестемен сәйкес келді ме?