Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

3 жас пен 10 жас аралығындағы балалар жыныстық қатынас туралы не білу керек?

23.12.2021
0
3 жас пен 10 жас аралығындағы балалар жыныстық қатынас туралы не білу керек?

Осы кезеңде балада жынысы туралы тұрақты сезім қалыптасады. Бұл балалар гендерлік айырмашылықтарға өте қызығушылық танытатын, тақырыпқа белсенді қызығушылығы болатынын, ата-аналарына сұрақтар қоя бастағанынан білінеді. 3-4 жас сындай әңгімелер үшін ең жақсы кезең болып саналады. Kyn.kz порталынан осы жайлы ақпаратты толығырақ оқып біліңіз.

3-4 жастағы бала жыныстық қатынас туралы не білуі керек

Бұл кезең — ата-ана мен баланың бөлек киініп, жуына бастайтын кезеңі. Баланың сіздің жалаңаш бейнеңізге реакциясы мен оның ұялшақтығына назар аударыңыз.

Дене бөліктері туралы білімді арттырыңыз. Егер бұған дейін сіз «арнайы орын» деген сынды тек жалпы атаулар берсеңіз, енді анатомияға тереңдейтін уақыт келді.

5-6 жастағы баламен сөйлесу

Балалар өздерінің жынысы қандай екенін және болашақта ол өзгермейтінін, оған мамандық, шаш ұзындығы және т.б. факторлар әсер етпейтінін білетін уақыт келді. Осы кезеңде оларда жыныс туралы негізгі идеяларды, моральдық қағидаларды, жыныстық денсаулық, болашақ серігі туралы ойдың негізгі алғышарттары қалыптасады.

Бұл кезеңде талқылануы тиіс тақырыптар:

Негізгі сұрақтар мен жауаптар

  • Баланың пайда болуы мен туу туралы толығырақ ақпарат.
  • Махаббат туралы ақпарат.
  • Балалар мен ересектердің айырмашылықтары.
  • Егер сіз бұған дейін айтпаған болсаңыз, жасауға болатын және болмайтын әрекеттер туралы ақпарат беру керек;
  • Өзінен басқа ешкім, дәрігерлер, анасы мен әкесінен басқа, баланың жыныс мүшелеріне ешкім қол тигізе алмайтынын айту.

7-8 жас: Бұрмаланған ақпарат туралы ескертетін уақыт

Егер бала осы тақырыпқа қызығушылық танытса, қарапайым тілде оған бар ақпаратты түсіндіріңіз. Бастауыш мектепке түсу кезеңінде баланың жыныстық қатынас туралы сізден емес, басқалардан бұрмаланған ақпаратты алу ықтималдығы едәуір артады.

Ұлыңызға не қызыңызға баланың пайда болуы туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар жыныстық қатынас саласындағы принциптеріңіз, моральдық көзқарастарыңыз және құндылықтарыңызбен бөлісіңіз.

9-10: Денедегі өзгерістер туралы ашық әңгімелесетін уақыт
Бұл жаста денедегі өзгерістер: етеккір, дене түктері, гормондар және жыныс мүшелері туралы әңгімелер өзекті болмақ. Жыныстық қатынастың жақсы әрі жағымды екенін, бірақ тек ересектер үшін мүмкін екенін баса айта кетіңіз.

Сіз кішкентайыңызға ашулану қалыпты, бірақ адамдарды ұрып-соғуға болмайтынын түсіндірген боларсыз. Сол сияқты жыныстық қатынастар туралы түсіндіріп, оларды бастан өткеру қалыпты екенін, бірақ адам әрқашан өз іс-әрекетіне жауапты екенін үйретуіңіз қажет. Адамгершілік құндылықтарға қайшы келетін жағдайларда сезімнің жетегінде кетуге болмайтынын түсіндіргеніңіз жөн.

Бөлісу2Твит2
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.