ҰБТ-дағы алғашқы 140 балл: ең жоғары нәтиже көрсеткен түлекке сыйлық беріледі
Алматы қаласының №123 мектеп-гимназиясының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ең жоғары 140 баллды Алматы қаласының түлегі жинады, деп KYN.KZ білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. "Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы, Алматы қаласының №123 мектеп-гимназиясының түлегі, ең жоғары балл жинады – 140. Шиара 25 маусымда Ұлттық аграрлық университет базасында тест тапсырған. Шиара мен оның ата-анасын, ұстаздарын құттықтаймыз", —делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Биыл мамыр айында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған алғашқы түлекке смартфон сыйлайтынын мәлімдеген. Бүгін орталық басшысы айтқан сөзінде тұратынын хабарлады. "Орталық коммуникациялар қызметінде жұма күні сыйлықты табыс ету үшін қорытынды баспасөз мәслихатын өткізгіміз келеді. Біздің қызметкерлер қазір түлекпен хабарласып жатыр, мүмкіндік болса, Астанада құттықтаймыз, болмаса, сыйлықты беріп жібереміз. Алматыдағы Ұлттық тестілеу орталығы өкілдері оны құттықтайды. Бүгін Есілден телефон сатып аламын. iPhone-ның қай моделі екенін әлі шешкен жоқпын, ең бастысы көңіл ғой. Түлектерге қолдау көрсетіп, жоғары жетістікке ұмтылуға сеп болады", – деді Ұлттық тестілеу орталығы. Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусымда басталған. ҰБТ-ны биыл 102 447 түлек тапсырады.