Бала ата-анасын жыныстық қатынас кезінде көріп қалды. Не істеу керек?
Біз балалармен жыныстық қатынас туралы сөйлесуге үйренбегенбіз. Ата — аналардың көпшілігі "Балалар қайдан келеді?"деген сұраққа жауап беруден ары бармайды. Бірақ мектепке бармаған балалардың өзі бұл туралы білуі керек дейді, және оларға секс туралы кішкентай кезінен айту керек дейді психологтар. Неліктен ақпарат ертерек айтылу керек және бала ата-анасын жыныстық қатынас кезінде көрсе не болады? Kyn.kz порталынан оқыңыз.
Жыныстық қатынас туралы әңгімені жоқ дегенде мектеп жасына келгенше кейінге қалдырған дұрыс па?
Егер сіз ерте жастан бастап баламен бұл тақырыпқа сөйлесуден аулақ болсаңыз, оны кейінге қалдырсаңыз, бала бұл тақырыптар табу деп ойлап қалуы мүмкін. Нәтижесінде, ол сізге бұл мәселе бойынша жүгінбеген дұрыс деп біледі.
Сонымен қатар, ол өзінде дұрыс емес, жағымсыз ойы бар деп санай бастайды. Бұл өзін-өзін төмендетуіе әкеледі, сексуалдылық тақырыбы қорқыныш, кінә және ұятқа толы, болашақта жыныстық өмірде невроздар мен қиындықтарды тудыруы мүмкін.
Гендерлік мәселелердегі ашықтық балаға жыныстық зорлық-зомбылық ықтималдығын азайтады.
Бала ата-анасы жыныстық қатынасқа түскенін көрсе не істеу керек?
Дұрыс диалог үлгісі
- Сені кіріп қалады деп ойламадық, не көрдің?
- Сендер төбелесіп жаттыңдар.
- Жоқ, біз төбелескен жоқпыз. Біз бір бірімізге жағымды әсер сыйладық. Ересектердің махаббаты қол тигізу, ұстауы, жанасу арқылы білінеді.
- Неге сендер жалаңашсыңдар?
- Ересектер кейде солай істей алады. Бұлай тек бір бірін жақсы көретін ересектер ғана істей алады. Кейде ересектер оңашада қалғысы келеді. Біздің есік жабық тұрса, есікті қағып кіргенің дұрыс.
- Осы арқылы сіз балаға жеке шекара бар екенін түсіндіресіз. Бұл жағдайда балаға ашулы емес екеніңізді, бәрі дұрыс екенін түсіндіру керек.
Балаға ашуланбаңыз!
Көбінесе бала мынадай себептердің біріне байланысты ата-аналар арасындағы интимдік көріністің куәсі болады:
- ата-анасының бөлменің есігі ашық немесе құлыпталмаған;
- бала басқа бөлмеде еді, бірақ белгілі бір себептермен ата-анасына баруды шешті;
- баланы ата-анасының бөлмесінен шыққан дыбыстар қызықтырды;
- бала ұйықтап жатқан, бірақ күтпеген жерден оянып кетті;
- бала кенеттен үйге оралды, ал ата-анасы оны күтпеген еді.
Қалай болғанда да, мұндай жағдайдың орын алуына тікелей ата-ана жауапты болады. Себебі олар баланың кездейсоқ келіп қалу мүмкіндігін ойлаған жоқ.