Басты жаңалықтар

Баланы өзін қорғауға қалай үйрету керек? Сөзбен бе, әлде жұдырыққа жүгінеміз бе?

Балабақшада, ойын алаңқайларында балалар арасында қарым-қатынас ушығып, кішігірім кикілжіңге ұласатын жағдайларды жиі көріп жатамыз. Ал ересектерді көмекке қай кезде шақыру керек? Баланы өзін қорғауға қалай үйрету керек? Дәл осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Осы және өзге де бүлдіршін жайлы ақпаратты Kyn.kz ақпараттық порталынан оқып біле аласыз.

Қарапайым ойыншыққа таластан басталатын түсініспеушілік баланың бойында агрессияны тудыруы мүмкін екенін бірі білсе, бірі білмейді. Әрқашан шетте тұрып, тіпті өз мүлкін, өз мүддесін қорғаудан қашатындар бар. Мен баланы құқық бұзушыларға жауап беруге, қарсы тұруға үйретуім керек пе? Басқа балалардың агрессиясына бірден жұдырықпен емес, сөзбен жауап беруге болады ма?
Сіздің ұлыңыз үнемі алдыңғы қатарда болғысы келетін, бірінші жету үшін кімді болмасын итеріп кететіндердің қатарынан емес. Сіздің ұлыңыз абыр-сабырдың аяқталуын күтіп, содан кейін ғана көздеген мақсатына сақтықпен жақындайды.

Кейде тіпті ол өз мүлкін қорғауға тырыспайды. Бірде-бір ашулы сөз айтпайды. Бұзақыларға, жеке мүлкіне қол сұғушыларға көз жасымен ғана қарсы тұрады. Ана жүрегі бұл тұста алаңсыз қала алмайды

Өзін қорғауға ұмтылу: сөзбен бе, жұдырықпен бе?

Кейбір ересектер мұндай жағдайларда тек бір ғана кеңес бере алады: «Өзіңді қорғап, сыбағасын бер!». Бірақ агрессияға агрессиямен жауап беретін адам тек зорлық-зомбылықты арттырады. Әрине, біз барлық мәселені жұдырықпен шешпей, қоғамдағы өмірге дайын ересектерді көргіміз келеді.

Егер бала өз пікірі мен көзқарасын қалай жеткізу керектігін және өзін сөзбен қорғауды түсінсе, ол өзін анағұрлым сенімді сезінетін болады. Басқа балалар күшті қарсылық екенін бірден байқайды. Ал әлсіздер әрқашан құрбан рөлінде болады.
Кез келген жағдайда агрессорларға жәбірленушінің қиянатқа шыдамайтынын көрсету қажет. Сонымен қатар баланың өзі шеше алмайтын жанжал туралы үлкендерге айтуы әбестік емес.

Агрессия, қорқыту: ересектермен қашан сөйлесу керек, ал балалармен қашан сөйлесу керек?

Көбінесе ата-аналар ренжіткен баланың өзімен тікелей сөйлесуді жөн көріп қателікке жол береді. Бірақ бұл жағдайда олар ата-ананың бұл әрекеттерін құрбанының әлсіздігінің дәлелі ретінде ғана қабылдайды және оның өзін қорғай алмайды деген қорытындыға келеді. Бұл тұста ең ұтымды шешім – жәбірлеушінің ата-анасымен сөйлесу. Сәйкесінше ата-ана өз баласына ықпал ете алады. Басқа бала сіздің кішкентайыңызды ұрып-соқса ше?

Бұл жағдай керісінше де болуы мүмкін. Бұл ретте іске ата-аналар араласып, оларға мұндай әрекетке жол берілмейтінін хабарлау керек. «Мен сенің бұлай істегеніңді қаламаймын. Тістеп, басқаларды ұруға жол жоқ, сен бұл дөрекі іс-әрекеттерің арқылы басқаларды ренжітесің». Сіз балаңызға дәл осы қалыпта түсінікті түрде сөйлесуге тырысыңыз.Осындай жағдайларды салмақты, саналы түрде қабылдап өткізе білген кішкентайыңыз құрбан рөлінде болу ықтималдығы аз.