Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шудағы пойыз апатының негізгі себебі аталды

Шудағы пойыз апатының негізгі себебі аталды
ашық дереккөз
Ең негізгі себеп - жолдың сапасы
Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шудағы пойыз апатына себеп болуы мүмкін басты нұсқаны атады, деп KYN.KZ  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Жолдың жағдайы - негізгі нұсқа. Көктемде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына, күнделікті тексеріске, бұл жолдың жағдайына келгенде сұрақтар бар. Мен осымен 20-шы рет жауап беріп тұрмын: кімнің кінәлі екенін комиссия анықтайды», - деді Жеңіс Қасымбек тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Еске сала кетсек, 17 маусымда Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы аударылып, бір жасөспірім көз жұмған болатын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар