Мемлекеттік хатшы: Лаңкестер төңкеріс жасауды жоспарлады
- автор kyn.kz
- 10 қаңтар, 2022
- 215
Еліміздегі гибридті лаңкестік шабуыл тұрақсыздандыру және төңкеріс жасау мақсатында жасалды, деп мәлімдеді Қарин
Елміздегі жағдай тұрақсыздық пен төңкеріс жасау мақсатында жасалған гибридті лаңкестік әрекет болды, деп мәлімдеді Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин.
"Қазір бұл оқиғалардың сипаты туралы сенімді түрде айта аламыз. Бұл жаппай тәртіпсіздік емес, біз көріп жүрген әдеттегі тәртіпсіздік емес. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер ойран салып, өрт қояды. Ал мұнда мемлекеттік мекемелерге, құқық қорғау органдарының ғимараттарына шабуыл жасалды. Алматы полиция департаментінің өзіне алты рет басып кірмек болды. Полиция департаменті қорғанып, түнгі 12-ден таңғы 5-ке дейін шабуылды тойтарды", - деді Қарин мемлекеттік арна эфирінде.
Оның айтуынша, шабуылдардың артында кім тұрғаны туралы соңғы жауапты арнайы қызметтер береді.
"Мен 20 жыл бойы терроризм проблемасымен айналысып келемін, бірақ бірнеше топтың қалаларға осылай шабуыл жасағанын, ғимараттарды, мекемелерді және тағы басқа нысандарды басып алуға тырысқанын есіме түсіре алмай отырмын. Бұл арнайы қызметтерге сын-қатер төндіретін жаңа құбылыс. Біз мұндай арсыз сценарийді кез келген басқа елге қарсы қолдануға болатын жаңа кезеңге аяқ басқанымызды түсінуіміз керек... Мемлекетті сақтай аламыз ба деген сұрақ туындады", - деді мемлекеттік хатшы.
Оның айтуынша, мемлекеттің тұтастығын бұзу мақсатында жағдайды тұрақсыздандыруға барлық құрал мен техника арсеналы қолданылған, республика қарсы тұра білді.
Президенттің батыл әрекеті, соның ішінде ҰҚШҰ контингентін шақыру туралы шешімі тұрақсыздандыру бойынша барлық жоспарды бұзды, деп толықтырды Қарин.
Сонымен қатар мемлекеттік хатшы қоғамдық пікір бұрмаланып жатқанын айтты.