Мемлекеттік хатшы: Лаңкестер төңкеріс жасауды жоспарлады
Еліміздегі гибридті лаңкестік шабуыл тұрақсыздандыру және төңкеріс жасау мақсатында жасалды, деп мәлімдеді Қарин
Елміздегі жағдай тұрақсыздық пен төңкеріс жасау мақсатында жасалған гибридті лаңкестік әрекет болды, деп мәлімдеді Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, шабуылдардың артында кім тұрғаны туралы соңғы жауапты арнайы қызметтер береді.
"Мен 20 жыл бойы терроризм проблемасымен айналысып келемін, бірақ бірнеше топтың қалаларға осылай шабуыл жасағанын, ғимараттарды, мекемелерді және тағы басқа нысандарды басып алуға тырысқанын есіме түсіре алмай отырмын. Бұл арнайы қызметтерге сын-қатер төндіретін жаңа құбылыс. Біз мұндай арсыз сценарийді кез келген басқа елге қарсы қолдануға болатын жаңа кезеңге аяқ басқанымызды түсінуіміз керек... Мемлекетті сақтай аламыз ба деген сұрақ туындады", - деді мемлекеттік хатшы.
Оның айтуынша, мемлекеттің тұтастығын бұзу мақсатында жағдайды тұрақсыздандыруға барлық құрал мен техника арсеналы қолданылған, республика қарсы тұра білді.
Президенттің батыл әрекеті, соның ішінде ҰҚШҰ контингентін шақыру туралы шешімі тұрақсыздандыру бойынша барлық жоспарды бұзды, деп толықтырды Қарин.
Сонымен қатар мемлекеттік хатшы қоғамдық пікір бұрмаланып жатқанын айтты.